Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тағылымы мол шара

Тағылымы мол шара



Шиелі аудандық балалар кітапханасында балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың 95 жылдығы құрметіне орай жазушының «Менің атым Қожа» повесі негізінде оқырмандар конференциясы өтті.
Аталмыш шара балалар классигінің шығармалары, өмірлік жолы туралы мағлұматтармен бастау алды. Конференцияны аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы Перуза Түлкібай мен №219 Ы.Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Гүлмира Әшірова 6 сынып оқушылары арасында ұйымдастырды. Тағылымы мол шараны Перуза Түлкібай жүргізіп, түрлі сұрақтар арқылы оқушылар білімінің толығуына үлес қосатын қызықты мәліметтер ұсынды. Қаламы қарымды жазушының «Менің атым Қожа» повесіне Жан­ару Сайлаубай, Зарина Ақылбекова, Арайлым Ғалымжанқызы, Дильназ Хайрановалар оқырман ретінде өз ойлары мен пікірлерін білдіріп, барлық жағынан белсенділік көрсетті.
Повестен көрсетілген үзінді қойылымдар барысында, «Қожа» бейнесін Ерасыл Жұмахметов сомдаса, «Сәйбек ата» бейнесін Жасұлан Байқонысов ойнап, әртістік өнерлерімен көрерменді тәнті етті. Қожаның әжесін сомдаған Наргиз Кененбаеваның да рөлі сәтті шықты.
Сондай-ақ, шараға орай ұйымдастырылған «Жұмбақ жазушы» тақырыбындағы кітап көрмесіне кітапханашы Ақайша Садықова библиографиялық шолу жасап, оқырмандарды Бердібек Соқпақбаевтың осы кітапхана қорында жинақталған төл туындылары және естеліктерімен таныстырды.
Конференция соңында кітапхана меңгерушісі Ұлторы Ешмаханова шараны қорытындылап, белсене қатысқан оқырмандарға алғыс хат табыс етті.

Н.Серәліқызы.

03 мамыр 2019 ж. 1 550 0

Қоғам

ҚАРА ӨЛЕҢГЕ ҚҰМАР ЕЛЕНА
01 мамыр 2024 ж. 115

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (9197)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031