Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «ҚАЗАҚСТАН КҮНДЕРІ» АСТАНАНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛДЫ

«ҚАЗАҚСТАН КҮНДЕРІ» АСТАНАНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛДЫ

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы және Астананың 20 жылдығы аясында Түркияда «Қазақстан күндері» табысты өтуде.
Анкара қаласында Неджип Фазыл атындағы драма театрда қазақ əдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың түрік тіліне аударылған «Менің атым – Қожа» кітабының таныстырылымы жүзеге асып, фильмі көрсетілді.«Қазақстан күндері» аясында Анкара қаласындағы «Сүйінбай Аронұлы» атындағы саябақта айтыс ақындары Сүйінбай Аронұлы мен Жамбыл Жабаевты еске алу жиыны өтті. Бабалар рухына Құран бағышталып, Жамбыл атындағы көшеге орнатылған ескерткіш-тақта ресми түрде ашылды.Халықаралық «Жамбыл» қорының президенті Манарбек Ізбасар Түркі әлемі жазушылары және өнерпаздар қорының президенті Яхия Акенгинге халықаралық Жамбыл сыйлығын тапсырды.
Жиын соңында Қазақстанның Түркиядағы елшісі Абзал Сапарбекұлы мен Кечиөрен муниципалитетінің мэрі Мұстафа Ак Сүйінбай Аронұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.«Қазақстан күндері» аясында Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының «Достық сазы» фольклорлық жəне «Аққу» би ансамблі өнер көрсетуде.


Қызылорда Облысы Мәдениет Басқармасының ФБ ПАРАҚШАСЫНАН.
30 мамыр 2018 ж. 1 300 0