Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» АСТАНАДА ӨТКЕН ЖЫРШЫЛАР БАЙҚАУЫНАН ЖЕРЛЕСІМІЗ ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

АСТАНАДА ӨТКЕН ЖЫРШЫЛАР БАЙҚАУЫНАН ЖЕРЛЕСІМІЗ ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

«Ұстазы Сүйінбайдың Қабан ақын, Бас иген ұлы жүзде тамам ақын. Нағашысы жалайыр Қабан ед деп, Жамбыл атам айтатын маған атын», - деп әйгілі Кенен Әзірбаев жырлағандай «айтыс өнерінің алтын діңгегі» атанған Сүйінбай мен сөзінің «басы алтын, бақайы жез» Бақтыбай бас иген, халқы қадір тұтып «Ақын ата», «Абыз ата», «Қабан жырау» деп атаған атақты Қаблиса жырау атында «Жыр атасы – Қабан жырау» атты I Республикалық жыршылар байқауы өтті. Бұл туралы «Егемен Қазақстан»  газетінің ресми сайтында жарияланған.
Елбасының «Болашаққа бағдар – «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып, Астана төрін 1-ші сәуірден 5-ші сәуірге дейін бес күн бойы жырға бөлеген байқау жыр жүйріктерін үш кезең бойынша сыннан өткізді. Жыр додасына Республиканың түкпір-түкпірінен 20-45 жас аралығындағы өнерпаздар қатысты. Қатысушылар әр кезеңде бірінші Қабан жыраудың бір жырын айтып, екінші өз қалауы бойынша жырласа, үшінші кезеңде билетте шыққан жырды төкпелету талап етілді. Көп жыршының сүрінетін тұсы да осы үшінші кезең болды. Сайысықа Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор, Қайрат Байбосынов, сонау Ақтаудан келген әйгілі жыршы Жеткізген Сейітов, Сыр елі – жыр елінен мәдениеттанушы, Бидас Рүстембеков, Қабан жырау жыр төккен Жетісу жерінен шақырылған халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ақын, Әміре Әрін, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айтқали Жайымов, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері, әнші Айгүл Қосанова, сондай-ақ, осы байқауды ұйымдастырып отырған Астана қаласы әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясының бас директоры Сәкен Әбдірахманов қазылық етті.
Қазылардың бағасы бойынша Бас жүлде (2 000 000 тг) астаналық Айнұр Қонысбаеваға, I орын (1 000 000 тг) астаналық Ерболат Шалдыбековке, II орын (500 000 тг) қызылордалық Марат Сүгірбайға, III орын (250 000 тг) алматылық Мақпал Тоқтағановаға бұйырды. Ал Аманжол Дауылбаевқа Асан қайғы атындағы арнайы дипломы, Жұлдыз Ысқақовқа Мәдениет және спорт басқармасының арнайы дипломы табысталды. Сондай-ақ, Фархат Оразов, Хасенхан Кішкенеев, Темірбек Асқанбаевтар дипломант атанды.  
kyzylorda-news.kz 
---
06 сәуір 2018 ж. 1 143 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930