Әр бала – бір жұлдыз
Күнделікті өмірде болып жатқан әр түрлі қиындықтар ересек адам түгілі балалар мен жасөспірім санасына ерекше ықпал ететіні анық. Әсіресе, мінез-құлқына, зейінінің ашылуына, сабақ үлгерімінің қай деңгейде екеніне қарамастан, қоғамда өзіндік орнын қалыптастыруда тұлғалық қасиетті дамыту аса маңызды. Сол тұрғыдан алғанда, аудан мектептерінде белгілі бір топтар құрылып, жұмыстар атқарылуда. Мектеп оқушыларының арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алып, психикалық және физикалық денсаулықты нығайту, өмірге деген құштарлықты арттырып, суицидті болдырмау мақсатында Шиелі ауданы, Алғабас ауылындағы №157 Б.Пәрімбетов атындағы қазақ орта мектебінде психолог Ләззат Төлешованың бастауымен «Жас өрен» психологиялық клубы құрылған болатын. Аталмыш топтың негізі 2010 жылы қаланып, 2015 жылы қайта жасақталды. Қазіргі таңда «Әр бала – бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем ет» деген жалынды сөзді негізге ала отырып, қоғамнан тыс қалған оқушыларды ортаға тартып қана қоймай, жан-жақты қырын аша білу мақсатында жұмыс жасауда. «Жас өреннің» бірқатар жетістіктері де жетерлік. Атап айтатын болсақ, жақында ғана «Жас өрен» клубының ұйымдастыруымен оқушылар арасында өткен «Мектеп қызықтары» деп аталатын жайдарман кешінің Қазақстан ұлттық арнасындағы «Елден хабар» бағдарламасынан көрсетілуі. Болашақ арманым журналист мамандығы болғандықтан, мен де осы топта белсенді болып, тілшілік қызмет атқарудамын. Жас өрен клубы қаншама оқушыға өз мақсатын айқындап, іс жүзінде жүзеге асуына септігін тигізді.
Қорыта айтсақ, әлемдегі әр баланың бақытты болуына, сүйіспеншілікке бөленуіне хақысы бар. «Ел ертеңі – жастар», сондықтан, барша адамзатты осы айнымас сертті орындауға «Жас өренмен» бірге шақырған болар едім.
Әсел КӨРЕГЕНОВА.
«Жас өрен» психологиялық клубының тілшісі.
Қорыта айтсақ, әлемдегі әр баланың бақытты болуына, сүйіспеншілікке бөленуіне хақысы бар. «Ел ертеңі – жастар», сондықтан, барша адамзатты осы айнымас сертті орындауға «Жас өренмен» бірге шақырған болар едім.
Әсел КӨРЕГЕНОВА.
«Жас өрен» психологиялық клубының тілшісі.