Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сот сараптамасы өркендеу жолында

Сот сараптамасы өркендеу жолында

Қазіргі адамзат өркениетінің алдыңғы қатарлы құндылықтарының даму сатылары мен бүгінгі бағыттарын білу біздің елімізге аса қажет. Қазіргі таңда мемлекеттің өзі күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Құқықтық мемлекет орнатуда сот сараптамасы институтының рөлі айрықша. Сот сараптама қызметi - арнаулы ғылыми бiлiм-бiлiк негiзiнде қылмыстық, азаматтық және әкiмшiлiк процестiң не аралық сотта, төрелiкте iс қараудың қатысушысы болып табылатын адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету мақсатында сот сараптамасын ұйымдастыру мен жүргiзу жөнiндегi қызмет.Еліміз егемендікке қол жеткізген уақыттан бастап Қазақстанда ұлттық сараптама қызметін реформалау бойынша жұмыс атқарылды. Реформалар кезең-кезеңімен жүргізіліп, сот сараптама қызметі туралы жаңа заң қабылданып, заңнама едәуір жаңартылды. Сот сараптама жүйесі демократиялық, әлеуметтік, құқықтық мемлекеттің қажеттілігі негізінде және жаңа заман талабына сәйкес әлі де жетілдіріліп, даму үстінде.
Қазіргі таңда сот сараптама қызметін әлемнің ең үздік тәжірибелеріне сәйкестендіріп, жаңғыртылған құқықтық жүйенің басты элементін қалыптастыру мақсаты көзделіп отыр. 2017 жылы қабылданған заң қызметтің кәсіби тұрғыда жетілуіне оң әсерін тигізуде. Сонымен қатар, соңғы жылдары сарапшы кадрлардың білім деңгейлерін арттыру мақсатында арнайы оқу бағдарламалары шеңберінде өңіріміздің сарапшылары да әлемдік деңгейдегі оқу орындарында біліктіліктерін жетілдірді.
Сот сараптама қызметі саласында сот ісін жүргізудің бүгінгі қажеттіліктерін барынша толық қанағаттандыру мақсатында институтымыз сараптаманың жаңа түрлерімен толықты. Атап айтар болсақ, «Азық-түлік тауарларын сот сарапшылық зерттеу», «Психологиялық-криминалистік зерттеу», «Сот психологиялық-филологиялық зерттеу» (қазақ және орыс тілдерінде) мамандықтары бойынша сот сарапшысы біліктіліктері беріліп, бүгінгі таңда аталмыш сараптама түрлері бойынша қорытындылар берілуде.
Өткен жылдың соңында институтымыз стандарттар мен талаптарға сәйкес келетін жаңа ғимаратқа қоныс аударып, сарапшылардың қалыпты жағдайда жұмыс атқаруларына біршама жағдай жасалды.
Айта кететін бір жайт, қазіргі таңда сот сараптамалары орталығымен бекітілген баға көрсеткішіне сәйкес, Қызылорда облысы бойынша сот сараптамалары институтында жеке тұлғаларға ақылы түрде сараптама жасауға тапсырыс беру мүмкіндігі қарастырылған. Азаматтар өздерін толғандырған мәселелер бойынша конституциялық құқықтарын пайдалана отырып институтқа тікелей шығып, ақылы негізде маман қорытындысын алуына болады.
Қоғам мүддесі үшін аянбай еңбек етіп жатқан сот сараптама жүйесі қазіргі заманауи жабдықтармен және сапалы әдістемелермен қамтамасыз етуді қажет етіп отыр. Осындай қиыншылықтарды қолда бар мүмкіндіктер арқылы шешуге тырысудамыз және сот сарапшылары егемен еліміздің заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуға өз құзыреті шегінде атсалысып, міндеттерін тиісінше адал атқарып келеді.

А.Жүнісова,
Қызылорда облысы бойынша сот сараптамалары институты директорының орынбасары.
30 наурыз 2019 ж. 818 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930