Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Аналар – алтын қазынам

Аналар – алтын қазынам


Наурыз мерекесіне орай «Айсұлу-Ұ» балабақшасында «Әжелер – алтын қазынам» атты әжелер сайысы ұйымдастырылды.

Балабақшаішілік байқауға «Мадина» тобының әжесі Е.Жаманқұлова, «Ботақан» тобынан Т.Ахметова, «Балапан» тобынан Г.Төреханқызы, «Балдырған» тобының атынан А.Бегманова қатысып, ерекше өнер көрсетті.
Кеш барысында бүлдіршіндер мың бұрала билеп, ән шырқап үлкендерді шат-шадыман күйге бөлесе, әжелер салт-дәстүрден сыр шертіп, өз өнерлерін көрсетті. Ұлыстың ұлы күні қарсаңында тартысты өткен сайыста үздіктер марапатталып, жүлделі орындар табысталды.
Шара соңында дастархан жайылып, жиналғандар наурыз көжеден дәм татты.

«Өскен өңір» ақпарат.
27 наурыз 2019 ж. 1 681 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (9197)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031