Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мектептегі әдеби кездесулер

Мектептегі әдеби кездесулер


Газеттің бұрыннан қалыптасқан жергілікті жас таланттарды ұйымдастырып, ауыл мектептерінде әдеби кездесу өткізіп отыру дәстүрі барлық уақытта жалғасын тауып келеді. Суретте 1978-1979 жылдары «Қызылту» (қазір орденді майдангер-ұстаз Әлиакбар Монтаев атындағы) қазақ орта мектебінде болған бас қосудан көрініс. Ақындар Қанапия Дәрібаев, Сәрсенбек Бекмұратұлы, Мақсұт Әбдімомынов, Қуаныш Уәлішерұлы мен сазгер Өркен Исмаил оқушыларға қолтаңба беріп тұр.
(Сурет С.Бекмұратұлының жеке
архивінен алынды).



«ӨСКЕН ӨҢІР» – ӨМІРІМ


Ең алғашқы махаббатым, сезімім,
Елге деген, жерге деген өр үнім,
Сен арқылы жетіп жатты аймаққа,
Өз газетім, менің «Өскен өңірім»!

Өзіңменен өзектелді өмірім,
Қалыптасты қайсар қылық, төзімім.
Сенде қалып балалық пен шалалық,
Сенде қалды тентектігім, желігім...

Сен болмасаң танушы еді мені кім?
Сен шыңдадың рухымның сенімін.
Сенде ұғынып ұжымның не екенін,
Сенде көрдім жайсаң жандар пейілін.

...Дүйсембі аға болатын-ды дария,
Ақын еді Жұматқызы Мария.
Асқан дарын Арысбайдың Минері,
Өткір тілмен талайларды түйреді.

Қанапия Дәрібаев ұстазым,
Тұла бойы тұнып тұрған күш-дарын.
Аттас ағам Жұмабеков Сәрсенбек,
Көкірегінен тұратын-ды ән селдеп.

Жайсаң басшы Жайлыбайдың Зәкімі,
Мінезге бай Құрманайдың Сәфиі.
Егін жайлы көп жазатын Нағашбек,
Жазуына оның әсте талас жоқ...

«Іссапарға кетуші едім жылдам» деп,
Зыр жүгіріп журуші еді Тұрғанбек.
Бар суретті түсіретін бір өзі,
Фото-тілші Сайдхасан да дүр еді.

Жазғандары секілденген хан бағы,
Қайран шіркін Құлпейістің Қамбары.
Күлімбетов Мұрат аға жаухатшы,
Жазушы еді өлең, очерк жап-жақсы.

Серікбай ше, ақын досым – Әлжанов,
Жатқан жерің болсын әркез жап-жарық!
Журналист һәм заңгер інім Ысымов,
Ол да шыққан осы ұядан ысылып.

Күн-түн қатқан Пірназардың Серігі,
Көз алдына әкелетін серіні.
Байхоновтың жазғанынан пайымды,
Жатушы еді көпке жетіп ел үні.

Уәлшерұлы оқырманын мәз етті,
Бағын ашып түрлендірді газетті.
Бибасаров, Әбілдаев, Мырзаев,
Көп қозғайтын тақырыпты өзекті.

Ұлзаданың орны бөлек, ерекше
Ерен ісі, шалт қимылы әлі есте...
Баспахана қыздарының еңбегі
Бұл газетті биіктетті белеске.

Ұлы – ұлық, қызы кербез сызылған,
Тәлім алдым тәрбиелі ұжымнан.
«Өскен өңір», түлегіңмін мен де бір,
«Әкем, шешем» деп өзіңді ұғынғам...

Талаптының шарықтатқан өмірін,
Нұрландырған, күйге бөлеп көңілін.
Шау тартпастан шаң жұқтырмай шашаңа,
Сексен жасқа келдің, «Өскен өңірім»!­­­­

Жүзің жарқын, кесіп түсер алмассың,
Шындық іздеп жағаларға жармастың.
Біз шау тарттық құшағыңнан түлеген,
«Өскен өңір», өзің болсаң жап-жассың!

Сәрсенбек БЕКМҰРАТҰЛЫ,
Қазақстан Жазушылар
одағының мүшесі,
«Қазақ журналистикасының қайраткері»
медалі мен «Қазақстанның құрметті
журналисі» төсбелгісінің иегері.
(«Өскен өңірдің» 1967-1985 жыл­дардағы қызметкері).

21 наурыз 2019 ж. 1 954 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930