Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » КӨЗДЕЛГЕН КӨРСЕТКІШТЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІК

КӨЗДЕЛГЕН КӨРСЕТКІШТЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІК


Үкіметтің биылғы алғашқы отырысында Елбасы Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» халыққа Жолдауында айтылған мәселелерге қатысты Премьер-министр нақты тапсырмалар бергенін білеміз. Сонымен бірге, жиында Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік-экономикалық дамуы және республикалық бюджеттің игерілуі туралы 2017 жылға алдын ала жасалған қорытындылар жайында министрлердің баяндамасымен танысты.
Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов 2017 жыл­ғы басты қорытынды – ел экономикасын қалпына келтіру үдерістерін жандандыру және оның жоғары қарқынмен дамуға қадам басуы болғанын атап өтті. Министрдің айтуынша, 2017 жыл­дың алдын ала қорытын­дысына сәйкес, ЖІӨ 4 пайызға өскен.
Өсімге себеп болған негізгі фактор – сауда секторларында өндірісті кеңейту, инвестициялық белсенділікті арттыру және ішкі сұраныстың біртіндеп қалпына келуі. Сыртқы жағдайлардың оң әсері ретінде мұнай мен метал­дарға жоғары баға конъюнкту­расын, сондай-ақ ЕО, Ресей жә­не Қытай секілді негізгі сау­да серіктестер саналатын мем­ле­кеттердегі экономикалық жағ­дайдың жақсаруын айтуға болады. Өткен жылдың 11 айы­ның қорытындысы бойынша атал­ған елдерге жасалған экспорт көлемі де өскен. Мысалы, Ресейге – 33 пайыз, ЕО – 31 пайыз, Қытайға – 34,9 пайыз.
Тимур Сүлейменовтің ай­туынша, өндіруші салалардың қарқынды дамуына қарамастан, ЖІӨ-нің өсуіне экономиканың ши­кізаттық емес сегменті ық­пал еткен. Статистикамен си­пат­­тайтын болсақ, ЖІӨ-нің 4 пайыздық өсіміндегі шикізат­тық емес сектордың үлесі – 60 пайыз. Тұтастай алғанда, нақ­ты секторда экономиканың барлық салаларында өндірістің синхрондық өсімі байқалады. Соның ішінде, жоғары көр­сеткішке ие болған – өнеркәсіп саласы. Ондағы өсім деңгейі – 7 пайыз. Сонымен бірге, көлік са­ла­сында – 4,8 пайыз, байланыс –3,3 пайыз және саудада 3,2 пайыз ілгері жылжу үрдісі бар. Мұнай өндіру көлемінің артуынан тау-кен өнеркәсібінде де озық көрсеткіштер көзге түсті.

Өңдеу өнеркәсібіне келер болсақ, Индустрияландыру кар­тасындағы жобаларды іске асырғанның арқасында сектор 5,1 пайызға артқан. 2017 жылдың қаңтар-қараша айларында Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы арқылы 850 млрд теңгеге 62 жоба енгізілді және 5,5 мың жұмыс орны ашылды.
Одан бөлек, дәрі-дәрмек нарығына да тоқталып өткен министр фармацевтика сала­сының қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, сектордың өнімі 41,8 пайызға артқан. Жеңіл өнер­кәсіп те өзге салалардан арт­та қалмай, 9 инвестициялық жобаны іске қосуға және жүйе құрушы компаниялардың қазақ­стандық қамтуының ұлғаюы­на байланысты өндірісті 7,3 пайызға арттырған екен. Соны­мен бірге, химия – 7,2 пайыз, металлургия – 5,9 пайыз, мұнай өңдеу – 5,1 пайыз, тамақ өнеркәсібі 4,1 пайыздық өсім көрсетіп, нарықтағы сұраныстың артуынан аталған салалар серпін алып отыр.
Бұдан өзге, машина жа­сау саласында 5,6 пайыз іл­ге­рілеу байқалса, ауыл шаруа­шылығында өсім 2,9 пайызды құраған. Соның ішінде, өсімдік шаруашылығының өнімі – 2,2 пайызға, мал шаруашылығы өнімі 3,9 пайызға артқан.
Елімізде өткен EXPO – 2017 халықаралық көрмесі де бөлшек сауда сегменттерінде, мейрамхана, қонақүй бизнесі және бүкіл қызмет көрсету сала­ларында шағын және ор­та бизнестің мүмкіндіктерін кеңейте отырып, Қазақстанға көптеген туристерді тартты. Бұл ішкі нарықтағы сұраныстың көбеюіне біршама көмектескен.
Сырттан тартылған қаражат көлемін де қорытындылаған Тимур Сүлейменов әр саладағы ахуалды жеке-дара сипаттап берді. Мысалы, 2017 жылы не­гізгі капиталға салынған инвес­тициялар көлемі 5,5 пайызға артқан. 2017 жылдың 11 айында ин­вестициялардың негізгі өсімі ауыл шаруашылығына бағытталды. Бұл салаға құйылған қаражат 29,3 пайызға артса, саудада бұл көрсеткіш – 21,8 пайыз, құрылыста – 11,8 пайыз, байланыс секторында – 9,5 пайыз және өнеркәсіпте 3,8 пайыз болды.
2017 жылдың 9 айында Қа­зақстанға $15,7 млрд астам ті­келей шетелдік инвестициялар тартылған. 2016 жылдың осы ке­зеңімен салыстырғанда бұл 5,3 пайызға жоғары. Елдің сырт­қы сауда айналымы да 25,1 пайызға ұлғайып, жағымды жаңа­лықтар легін жалғады. Бұл салада айналымда болған қара­жат көлемі 69,5 млрд АҚШ долларына жеткен.
Қорытындылай келе, Т.Сүлей­менов: «Экономиканың тұрақты өсімі әлеуметтік көр­сеткіштердің жақсаруымен қатар жүрді. Мәселен, есепті ке­зеңнің 9 айы ішінде жалдамалы жұмысшылар саны 53,1 мың адамға артып, 1 қазандағы жағдай бойынша 6,4 млн адамды құрады. Бұл жұмыссыздықты төменгі 5,0 пайыз деңгейінде ұстауға мүмкіндік берді», – деді.
Сонымен бірге, Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов та 2017 жылға арналған республикалық бюджет орындалуының алдын ала қорытындыларымен бөлісті. Министрдің айтуынша, бүгінгі таңда республикалық бюджеттің 125 млрд теңгеге жуық және жергілікті бюджеттердің 100 млрд теңгеден астам бос қалдықтары бар.
– Олар жыл сайын бюджетті нақтылауға арналған көз болып саналады. Осы жолы олар сон­дай-ақ Жолдауда айтылған Президент тапсырмаларын іске асыру үшін пайдаланылады, – деп түсіндірді Бақыт Сұлтанов.
Қаржы министрі бүгінде алдын ала есептеулер жүргізіліп жатқанын баса айтты. Түпкілікті сомалар Жолдауды іске асыру бойынша Жалпыұлттық жоспар дайын болғанда мәлім болады.
– Сонда біз Мемлекет бас­шысының Жолдауында белгі­ленген барлық іс-шараларды қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін сәйкес дайындық іс-шараларын бастаймыз, – деп нақ­тылады Бақыт Сұлтанов.
Бюджеттің атқарылмауы бойын­ша жауапкершілік мәселелеріне келер болсақ, Бақыт Сұлтанов айтып өт­кен­дей, Қаржы министрлігі бар­лық жергілікті және орта­лық органдармен жұмыс жүр­гізді, алдын ала шешімдер қабыл­данды.
Алдында Үкімет отыры­сында Қаржы министрі 2017 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуының алдын ала қорытындысын жариялаған болатын.
– Мемлекеттік бюджет кіріс­тері 102,2 пайыз атқарылды немесе 7153 млрд теңге жиналды. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 10,9 пайызға өскен, – деп баяндады Б.Сұлтанов.
Республикалық бюджеттің тапшылығы 1 357 млрд теңгені құрады. Бұл жоспардан 129 млрд теңгеге аз. Бюджет қара­жаты 2016 жылға қарағанда ау­диторлық іс-шаралармен және камералық бақылаумен екі есеге көп қамтылған. Әкімшілік жауапкершілікке тартылған адам­дардың саны 2,2 есеге азайғанын айтқан министр оған камералды бақылаудағы превентивтік шаралардың тиімділігінің артуы себеп болғанын атап өтті.
«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша қарас­тырылған қаражат 99,9 пайыз немесе 472,3 млрд теңгеге игерілді. Қаражат келесілерге бағытталды:
• көлік-логистикалық ин­фрақұрылымды дамыту – 325,8 млрд теңге;
• индустриялық инфрақұры­лымды дамыту – 16,3 млрд теңге;
• ТКШ және тұрғын үй құрылысы – 51,7 млрд теңге;
• білім беру саласында ин­фрақұрылымды дамыту – 68,1 млрд теңге;
• Қазақстанның ХҚО-мен бірлескен жобалардағы үлесі­не –
10,4 млрд теңге.
Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысын қорытындылай келе, алдын ала мәліметтерге сәйкес, 2017 жылы Мемлекет басшысының елдің экономикалық өсімін 4 пайыз қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасы орындалғанын атап өтті. Салалық министрліктер мен өңірлер өз көрсеткіштері бойынша экономикалық өсім­ді ­қамтамасыз еткен. Оған Үкі­меттің және әкімдіктердің ұйымдасып атқарған жұмыс­тарының нәтижесі ықпал еткені даусыз.
 
Кәмила ЕРКІНҚЫЗЫ
13 қаңтар 2018 ж. 1 005 0