Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «ТАЗА БЕЙСЕНБІ»: ДОСТЫҚ АЛЛЕЯСЫНА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

«ТАЗА БЕЙСЕНБІ»: ДОСТЫҚ АЛЛЕЯСЫНА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында партия қолға алған «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы бүгін аманаттықтармен Шиелі кентіндегі Достық аллеясында ұйымдастырылды.

Тазалық акциясына аудандық партия филиалының консультанттары, бастауыш партия ұйымының мүшелері, партия белсенділері, еліміздің ортақ бренді - «QAZAQSTAN»-ды дәріптеу мақсатында Жастар рухының еріктілері қатысты.

"Таза бейсенбі" акциясының мақсаты:
— Қоршаған ортаны қорғау және санитарлық тазалықты сақтау;
— Елді мекендерді және қоғамдық орындарды таза ұстауға ынталандыру;
— Тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру;
— Қоғамдық жауапкершілікті арттыру, ұжымдық еңбекке баулу;
— Табиғатты аялау, тұрмыстық қалдықтарды дұрыс басқаруға үндеу.

Таза бейсенбі – тек тазалық шарасы емес, бұл – салауатты орта қалыптастырудың, бірлік пен ұйымшылдықтың көрінісі. Экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған акцияға 30-дан астам адам қатысып, аллея маңын қоқыстан тазартты.

30 қазан 2025 ж. 103 0