«ТАЗА БЕЙСЕНБІ»: ТАЗАЛЫҚ - IШКІ МӘДЕНИЕТТІҢ КӨРІНІСІ

Акция шеңберінде жұмысшы мамандықтар жылына орай Шиелі ауданы, Иіркөл ауылдық округі, Ы.Жақаев ауылында орналасқан екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаев ескерткіші маңына тазалық жұмыстарын жүргізді.
Тазалық акциясына аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Жібек Баймұратова, "Иіркөл" бастауыш партия ұйымының төрағасы Айнұр Архабаева, партия мүшелері, еліміздің ортақ бренді - «QAZAQSTAN»-ды дәріптеу мақсатында Жастар рухының еріктілері мен филиал қызметкерлері қатысты.
«Тазалық — тәртіптің, мәдениеттіліктің, денсаулықтың бастауы», деп халық бекер айтпаған. Адам өзін, үйін, айналасын таза ұстаса, дені сау, көңілі көтеріңкі болады. Тазалық тек сыртқы көрініс емес, ол – ішкі мәдениеттің де көрінісі. Біз әр апта сайын тазалық акциясын өткізу арқылы аудан тұрғындарын табиғатты аялауға, айналаны таза ұстауға, тазалық мәдениетін сақтауға үлес қосып келеміз»,- дейді партия филиалының атқарушы хатшысы Жібек Баймұратова.
Экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған акцияға 40 тан астам адам қатысып, ескерткіш маңын күл-қоқыстан тазартты.