Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан түріктің бренд дүкендерінің саны жағынан үшінші орында тұр

Қазақстан түріктің бренд дүкендерінің саны жағынан үшінші орында тұр

ЫСТАНБҰЛ. ҚазАқпарат - 2018 жылдың соңына қарай шет елде төрт мыңдай түрік бренд дүкендері ашылады, деп хабарлайды Анадолы агенттігі Бірыңғай брендтер қауымдастығының басшысы Синан Онджелге сілтеме жасап.
Оның айтуынша, Қазақстан түріктің бренд дүкендерінің (227) ашылуы бойынша үшінші орында тұр. Ресей елі бұл көрсеткіште көш бастап тұр. Артынан Сауд Арабиясы (264 дүкен), Қазақстан, Иран (199), Украина (181), Румыния (134), Ирак (128), Әзербайжан (125), Солтүстік Кипр, Түрік Республикасы (102) және Грузия (75) орналасқан. «Түрік брендтері дүкендерінің үштен екі бөлігі осы 10 елде ашылған», - деді С. Онджел. Бірыңғай брендтер қауымдастығы басшысының сөзінше, күн сайын шетелде орташа есеппен түріктің жаңа екі бренд дүкені ашылады. 2018 жылдың басынан бері 108 елде 3150 дүкен және 1150 BMD сауда орындары жұмыс жасап тұр. Жылдың соңына дейін олардың санын төрт мыңға жеткізу жоспарланған.
inform.kz
22 шілде 2018 ж. 1 056 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930