Қазақстан бейбітшілік рейтингінде 70-орында тұр
Қазақстан «Жаһандық бейбітшілік индексінде» өткен жылмен салыстырғанда рейтингте екі пунктке түсіп, позициясын жоғалтты, деп хабарлайды Вaq.kzақпарат агенттігі lenta.ru басылымына сілтеме жасап.
Индекс адам өлтіру, полиция мен әскерилер, сонымен қатар қаруға бөлінетін шығын саны негізінде жасалады. Қазақстан Экономика және әлем институтының жаңа зерттеуінде 70-орында тұр. Сонымен қатар, бейбітшілік көрсеткішіне «жоғары» деген баға алған елдердің ондығына кірді және Марокко, Свазилендтен озып, Бенин мен Никарагуаға жол берді.
Зерттеуде Қазақстан Ресейге экономикалық жағынан тәуелді және әлемдегі шикізат бағасының төмендеуі салдарынан экономикасы әлсіреген аймақтардың қатарында көрсетілген.
Индексте 13 ел жоғары баға алды. Олардың ішінде — Исландия, Жаңа Зеландия, Австрия, Португалия, Канада және Австралия бар. Жалпы рейтингте 163 ел көрсетілген.
Ресей де бейбітшілігі әлсіз елдердің ондығына кіріп, 154-орында тұр.
Америка Құрама Штаттары рейтингте 121-орынға жайғасты. Ол «орташа» деген баға алған елдердің ондығын қорытындылады.
Айта кету керек, сарапшылар Ресей, Германия, АҚШ және Қытайды қару шығаратын ірі елдердің қатарына жатқызды.