Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан жыл соңына дейін 35 мың көлік шығаруды жоспарлап отыр

Қазақстан жыл соңына дейін 35 мың көлік шығаруды жоспарлап отыр


2018 жылдың басынан бері Қазақстанда көлік жасап шығару саласының қарқынды түрде дамып келе жатқанын байқауға болады. Бұл туралы Инвестициялар және даму министрлігі комитетінің төрағасы Алмас Батанов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Батановтың айтуынша, 2017 жылы 19,5 мың авто жасап шығарылды. Ал 2018 жылдың соңына дейін 35 мың көлік шығарылады деп жоспарланып отыр.
«Өнім санының артуына нарықта сұраныстың көбеюі, экспорт нарығының ашылуы және жеңілдікпен несие беру бағдарламасының қолға алынуы тікелей әсер етті. 2017 жылы әр үшінші автомобиль отандық кәсіпорындарда шығарылған. 2018 жылдың қорытындысы бойынша, сектордағы өнімнің көлемі 71,5 млрд теңгені құрады», - деді ол.
Мұнымен қатар, кәсіпорындар өнімдер санын арттырып жатыр. Өткен жылы Қазақстан шетелге 1,5 мың автоны экспортқа шығарған. Олардың көпшілігі Қытайға жіберілген. Жалпы 2018 жылы 5 ай қорытындысы бойынша машина құрастыру көлемі 12,2% өсті. Сондай-ақ, осы уақыт аралығында 750 жүк вагоны жасап шығарылды.
Baq.kz
29 маусым 2018 ж. 1 110 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

№75 (9342)

04 қазан 2025 ж.

№74 (9341)

30 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031