Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда автокөліктерді сату көрсеткіші 59% өсті

Қазақстанда автокөліктерді сату көрсеткіші 59% өсті



Отандық машина жасаушылар сұраныстың шамамен 55%-ін қамтасыз етті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Елімізде бір жыл ішінде автокөліктерді сату көрсеткіші 59%-ке өскен. Яғни 2018 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша қазақстандық автоөнеркәсіп кәсіпорындары 52,8 млрд теңгеге көлік құралдарын шығарған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 83,1%-ке жоғары.
Негізгі өндіріс күші (91%-ке жуық) ШҚО (31,6 млрд теңге, 2017 жылмен салыстырғанда көрсеткіш 2,3 есеге жоғары) және Қостанай облысында (16,4 млрд теңге, 2017 жылмен салыстырғанда көрсеткіш +67,6%) шоғырланған. Мұнда отандық машина жасау саласындағы негізгі кәсіпорындар «Азия Авто» мен «СарыарқаАвтоПром» орналасқан. Сонымен қатар бір жыл ішінде жеңіл машина жасау өндірісі 92,2%-ке артқан.
2018 жылдың қаңтар-сәуір айларының қорытындысы бойынша елімізде 8,8 мың машина құрастырылған.
«Қазақстандық автобизнес қауымдастығының» мәліметтеріне сәйкес, отандық машиналар шетелдік көліктерден 55%-ке арзан.
Мысалы, шетелдік автокөліктердің орташа бағасы – 10,8 млн теңге. Ал 2017 жылдың қаңтар-сәуір айларында бұл баға 9,7 млн теңгені құраған. Отандық машиналардың бағасы өткен жылы 4,6 млн теңге болса, 2018 жылдың қаңтар-сәуір айларында бұл баға 4,8 млн теңгеге жеткен.
Шетелдік және қазақстандық бір маркалы автокөліктердің арасындағы баға айырмашылығы 20%-ті құрауы мүмкін. Себебі, отандық машина өндірушілер салық және кедендік жеңілдікке ие. Өз кезегінде бұл қазақстандық машина өндірушілерге баға саясатын ұтымды жүргізге мүмкіндік береді.
Қазақстанда жасалған машиналардың орташа чегінің бағасы 2018 Hyundai Tucson және Kia Sportage сынды көліктердің жаңа моделінің шығуына байланысты өскен.
2018 жылдың бірінші тоқсанында жеңіл автокөліктерге деген сұраныстың импорты 46%-ті, автобустар мен 10 жолаушыны тасымалдайтын көліктерге деген сұраныс 89,7%-ті, жүк тасымалдайтын автокөліктерге сұраныс 93,4%-ті, арнайы машиналар сұранысы 82,6% құраған.


Baq.kz сайты
17 маусым 2018 ж. 1 759 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930