Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтар 2017 жылы ең көп сатып алған көліктер анықталды

Қазақстандықтар 2017 жылы ең көп сатып алған көліктер анықталды

2017 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандықтардың ең көп сұранысқа ие автокөлік брендтерінің арасында «Toyota» көш бастады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі «ҚазАвтоӨндіріс» Қазақстанның автомобиль саласы кәсіпорындарының одағы баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
Нақтырақ айтқанда, былтыр Қазақстанда «Toyota» маркалы 9252 автокөлік сатылған. Екінші орында ресейлік Lada (8729 автокөлік сатылған) көліктері тұр. 2017 жылы өзбекстандық Ravon машиналарының 4621 данасы сатылып, аталған марка алғашқы үштікті түйіндеді. Одан кейінгі орындарда Hyundai (3624) мен GAZ (2611) тұр. Сонымен қатар, үздік маркалардың ондығына Renault (2486), KIA (2301), UAZ (1900), Nissan (1683) және Chevrolet (1489) енген. Жалпы, 2017 жылы Қазақстан аумағында ресми диллерлер арқылы 46 377 көлік сатылып, бұл көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда 5,8 пайызға артық болып отыр. Жеңіл автокөлікті сатып алу үшін былтыр қазақстандықтар 1,12 миллиард (алдыңғы жылмен салыстырғанда 28,6 пайызға артық) теңге жұмсаған.
Жеңіл автокөлікті сатып алу белсенділігі бойынша Алматы (11928), Астана (8383), Шымкент (3292), Атырау (3257), Қостанай (2893), Қарағанды (2762), Орал (2437), Өскемен (2224), Ақтау (1763) және Ақтөбе (734) қалалары алдыңғы қатарда.
13 қаңтар 2018 ж. 1 553 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031