Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Еліміздің халықаралық резерві 90 млрд долларға жетті

Еліміздің халықаралық резерві 90 млрд долларға жетті

Бұл екіншіі экономиканы құрып, елдегі инфрақұрылым мәселесін шешуге әрі халықтың әл-ауқатын арттыруға негіз бола алады. Шетелдік инвесторлар кеңесінің 31-отырысында Елбасы осылай деді. Президент қазір еліміздің алдында тұрған басты мәселе баламалы экономиканы құру екендігін сөз етті. Және оған қол жеткізетін міндеттерді атады.Соның бірі ауыл шаруашылығы кешенінің мүмкіндігін кеңейту. Қазір еліміздің алдында алдағы 5 жылда еңбек өнімділігін арттырып, экспорт көлемін 2 жарым есеге ұлғайту міндеті тұр. Біз оған өнімді қайта өңдеу саласын дамытқанда ғана қол жеткізе аламыз. Бұған қоса  ғылым мен технологияны дамыту маңызды. Ал, келесі міндет  құрылыс қарқынын күшейту. Бұл шаралардың нәтижесінде 2020 жылға дейін еліміз арқылы қатынайтын транзиттік жолаушылардың саны 1,6 млн адамға жетуі тиіс. Сондай-ақ Астана халықаралық қаржы орталығын Орталық Азияның хабына айналдыру міндеті тұр. 5 шілдеде орталықтың таныстырылымы өтеді. Ал онда құрылып жатқан жасыл технологиялар кешені баламалы қуат көздерін дамытуға ықпал етпек. Президент бұдан бөлек Цифрландыру мәселесіне де көңіл бөлді. Бұл ретте шетелдік әріптестеріміздің тәжірибесі маңызы екенін атап өтіп, оларды  бағдарламаға атсалысуға шақырды. Сондай-ақ адам капиталын дамыту қажет. лбасы бұған мән бере келе шетелдік инвесторлар кеңесінің келесі отырысында осы мәселені талқылауды ұсынды. Келесі басқосу 2019 жылы дәл осы күні Астанада өтетін болады.

24.kz
06 маусым 2018 ж. 786 0