Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЕҢБЕК ЕТСЕҢ ЕРІНБЕЙ

ЕҢБЕК ЕТСЕҢ ЕРІНБЕЙ

«Мың рет естігенше, бір рет көр» деп дана халқымыз айтқандай, шару қожалықтың жүйелі жұмысын көзбен көрмекке, редакциямыздың фото тілшісі Бақытжан Бәйімбетпен бірге «Ақтоған» ауылдық округыне жол тарттық. Тілшілерді көрген бетте Шағдар Сейтжанұлының күлімдеп қарсы алып, әрқайсымызбен жеке-жеке амандық сұрасып, қарапайымдылық үлгісін көрсеткені кең даланың дарқандығын сездіргендей әсерге бөледі.
Көп созбай, көлікке мініп, діттеген жерімізге жол тарттық. Шаруалық басшылары жылы шырай танытып, шаруа қожалық жайлы әңгіме өрбіте бастады. Олардың сөздерінен, тыңдайтын құлақ болса айтары мол жандар екені ә дегеннен-ақ байқалды. Шаруа қожалықтың тыныс-тіршілігімен, малшы ауылының жай-жапсарымен танысып, көңілге көп дүние түйіп қайтарымызға іштей сенімді болдық. Себебі, аудан тұрғындары «Сейтжановтар» әулетін ауыз толтыра мақтап отырады үнемі. Енді міне, бізге де мұндай үлгілі әулеттің шаруашылығымен танысудың сәті түсті. Бүгінде ата кәсіптің рақатын көріп отырған Сейтжановтар әулеті «адам баласы бір күн өмірі болса да елге қызмет етуі тиіс» қағидасын берік ұстанады. «Қазақ жастары жеке кәсіппен айналысуы керек. Адам баласы өзіне сеніп, еркін өмір сүргені дұрыс. Бізде батылдық жетпей жатады. Қазақта «Торғайдан қорыққан тары екпейді» деген сөз бар. Қорықсаң, бизнеске барма. Кәсіп оңай емес. Ұры-қары болады, далада ыстық-суықта жүресің, соған төзу керек. Сонда ғана сен шыңдаласың. Мына бейбіт заманда тірлік жасап, адал еңбектенсең ғана тірлігіңнің нәтижесін көретінін жеткізді қожалық басшысы.
Әне-міне дегенше, Ақтоған ауылын артқа тастап, шаруашылықтың басына да кеп жеттік. Көліктен түсе сала, көзімізге оттай басылғаны табиғат ананың әсем көрінісі болды. Шаруа қожалыққа келген кезде-ақ жайылымда жүрген маң-маң басқан жануар көзге ыстық көрініп, малшы ауылы бізді бірден өзіне баурап алды. Тілшілерді көрген бетте олардың күлімдеп қарсы алып, әрқайсысымызбен жеке-жеке амандық сұрасып, қарапайымдылық үлгісін көрсеткені кең даланың дарқандығын сездіргендей әсерге бөледі. Әсерлі сұқбатымызды жол бойы ала отырып, төрт-түлік мал өсіріп, отырған шаруашылыққа қарай табан тіредік. Бізді осы қожалықтың басында біраз жылдардан бері аянбай қызмет етіп жүрген бақташы Әлмахан Әлмұратов күтіп алды. 1962 жылы өмірге келген шаруаның бұл жерде еңбек еткеніне 5 жылдың көлемі болса да, өз ісінің нағыз маманы екенін бірден аңғардық. Жалпы, қазіргі таңда «Сейтжанов» шаруа қожалығында 110 ірі қара сыйыр, 90-ға тарта жылқы бар. Міне, төрт-түліктің барлығына жауапты болып, олардың қыр-сырын жетік білетін білетін шаруалардың еңбегі оразан зор. Сондай-ақ бұл шаруа қожалықта бригадир, комбайншы, бақташы, күрішші т.б. жұмыссшылар өз ісін бірнеше жылдардан бері ойдағыдай атқарып келеді. Олардың әрқайсысын өз ісіне жауапты нағыз еңбек адамдары деп айтуға болады. Мұнда жыл сайын төрт түліктің саны көбейіп, ата кәсіптің тасы өрге домалап жатыр.
Мұнымен біздің журналисттік зерттеуіміз тоқтап қалған жоқ. Төрт-түліктің жай-сапсарымен таныс болған соң, көлікке мініп, егістік алқабына қарай жол тарттық. Фото тілшіміз қайнаған тіршілікке жан бітіріп жатқан бір топ жұмысшылардың қызу жұмысын суретке түсіріп алды. Мына жерді қайнаған тіршіліктің нағыз ортасы дерсің. Былтырғыны айтпағанда, биыл бұл алқапқа 170 гектар күріш, 200 гектар жоңышқа, 80 гектар мақсары егілген. Биыл бұл алқапқа 450 гектарға егін егілген болатын. Сондпй-ақ «Сейтжанов» шаруа қожалығына Жалағаш ауданындағы «Ерәлі» қожалығынан «Лидер» және «Элита» күріштерінң сорты әкелінді. Аталған күріштердің жалпы саны 12 тоннаны құрайды.
«Сейтжанов» шаруа қожалығы «Каз Агро Қаржы» мекемесімен бірлесіп, биылғы жылы 115 млн теңгеге бірнеше жұмыс машиналарын сатып алды. Атап айтар болсақ, «КА 730» 46 млн теңге, экскаватор 44 млн, дән еккіш арнайы машина 5,5 млн, теңгеге т.б. көліктер сатып алынған. Аталған заманауи көліктер қазіргі таңда іске қосылып, жұмыс жасауда.
Бүгінгі таңда бұл шаруа қожалықта 12 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Ы Жақаевтың ізбасарлары күріш егуден ауданның көшін бастап, өңірімізде алдыңғы қатардан көрініп тұр. Ең бастысы, бұл кәсіптің жыл сайын, көш бастап келеді. Барлығы да адал еңбектің, тынымсыз тіршіліктің арқасы. арқасы. Шаруашылықтың басында жүреміз деп, кеш те қарайып қалыпты. Осымен біздің журналисттік зертеуіміз аяқталып, редакцияға қарай беттедік. Жол-жөнекей шаруа қожалықтың басшысы аттың басын өздері тұрып жатқан қара шаңыраққа қарай бұрды. Елдің мақтайтындайы бар-ақ. Кәсібінен нәсіп тауып отырған бұл әулеттің қарапайымдылығы, кең пейілділігі сонша, біздің топты құр жібермей, дастархандарынан дәм таттырып жіберді.
Айта кетейік, ауданға үлгілі бұл әулетте, берекесі мен бірлігі жарасқан жеті бірдей келін бір шаңырақ астында тату-тәтті тұрып жатыр. Ағалы-інілі бауырлардың сыйластығы өз алдына, әулет келіндері де тәрбиеліліктерінің арқасында бір үйдің қыздарындай болып кеткенін байқауға болады. Берекесі мен бірлігі жарасқан бұл әулеттің отбасына амандық, кәсібіне нәсіп тілейміз.
19 қараша 2022 ж. 1 287 0