ЕҢБЕК ЕТСЕҢ ЕРІНБЕЙ...
«Мың рет естігенше, бір рет көр» деп дана халқымыз айтқандай, шаруа қожалықтың жүйелі жұмысын көзбен көрмекке, редакциямыздың фото тілшісі Бақытжан Бәйімбетпен бірге «Ақтоған» ауылдық округіне қарай жол тарттық. Тілшілерді көрген бетте Шағдар Сейтжанұлы күлімдеп қарсы алып, әрқайсымызбен жеке-жеке амандық сұрасып, қарапайымдылық үлгісін көрсеткені кең даланың дарқандығын сездіргендей әсерге бөледі.
Шаруашылық басшылары жылы шырай танытып, шаруа қожалық жайлы әңгіме өрбіте бастады. Олардың сөздерінен, тыңдайтын құлақ болса, айтары мол жандар екені ә дегеннен-ақ байқалды. Шаруа қожалықтың тыныс-тіршілігімен, малшы ауылының жай-жапсарымен танысып, көңілге көп дүние түйіп қайтарымызға іштей сенімді болдық. Себебі, аудан тұрғындары «Сейтжановтар» әулетін ауыз толтыра мақтап отырады үнемі. Енді міне, бізге де мұндай үлгілі әулеттің шаруашылығымен танысудың сәті түсті. Бүгінде ата кәсіптің рақатын көріп отырған Сейтжановтар әулеті «адам баласы бір күн өмірі болса да елге қызмет етуі тиіс» қағидасын берік ұстанады. «Қазақ жастары жеке кәсіппен айналысуы керек. Адам баласы өзіне сеніп, еркін өмір сүргені дұрыс. Бізде батылдық жетпей жатады. Қазақта «Торғайдан қорыққан тары екпейді» деген сөз бар. Қорықсаң, бизнеске барма. Кәсіп оңай емес. Ұры-қары болады, далада ыстық-суықта жүресің, соған төзу керек. Сонда ғана сен шыңдаласың. Мына бейбіт заманда тірлік жасап, адал еңбектенсең ғана тірлігіңнің нәтижесін көретінін жеткізді қожалық басшысы.

Әне-міне дегенше, Ақтоған ауылын артқа тастап, шаруашылықтың басына да кеп жеттік. Көліктен түсе сала, көзімізге оттай басылғаны, табиғат ананың әсем көрінісі болды. Шаруа қожалыққа келген кезде-ақ жайылымда жүрген маң-маң басқан жануар көзге ыстық көрініп, малшы ауылы бізді бірден өзіне баурап алды. Бізді көрген бетте күлімдеп қарсы алып, әрқайсымызбен жеке-жеке амандық сұрасып, қарапайымдылық үлгісін көрсеткені, кең даланың дарқандығын сездіргендей әсерге бөледі. Бізді осы қожалықтың басы-қасында біраз жылдардан бері аянбай еңбек етіп жүрген бақташы Әлмахан Әлмұратов қарсы алды. Елдің еңбекпен көркейетінін ескерсек, еңбек адамының қоғамда қашан да орны ерекше, абыройы биік болатыны жасырын емес. Ата-бабамыз ежелден мал бағып, соның ырыздық-несібесі мен ырысына кенелген. Бүгінде төрт түлікті түлетіп, экономиканың күре тамырына қан жүгіртіп жатқан шаруашылықтар бар екенін айта кеткен жөн. Сондай ірі шаруашылықтың бірі – «Сейтжанов» шаруа қожалығы. Аталған шаруа қожалық бақташысының сөзіне қарағанда, іске мығым, шаруашылықтың жайына қанық, тоқығаны мол, төрт-түліктен хабары бар азамат болып шықты. Ол 1962 жылы өмірге келген. Жігіт ағасының бұл жерде еңбек еткеніне 5 жылдың көлемі болса да, өз ісінен тиянақтылық байқалады. Қазіргі таңда «Сейтжанов» шаруа қожалығында 110 мүйізді ірі қара, 90-ға жуық жылқы бар. Төрт-түлік бағудың өзіне жетерлік қиындығы бар. Оның ішінде жылқының бабын тауып, шын ниетіңмен қарасаң ғана берекесін молынан береді. Осылайша, еңбек адамы ата кәсіпті өркендетіп, өрісті малға толтыруды көздеп отыр. Одан соң, даланы дүбірге бөлеген диханшы қауымның еңбегімен танысқанды жөн көріп, ат басын егістік алқабына қарай бұрдық. Ертеден ата-бабаларымыз егін егіп, оны суарып, баптау, бастыру мен төкпей-шашпай жинап алуға қамданған. Таңның атысы, кештің батысына қарамай алқап басындағы бейнетке ат салысқан диқан қауымның еңбегі орасан зор дерсіз. Себебі, биыл бұл алқапқа 170 гектар күріш, 200 гектар жоңышқа, 80 гектар мақсары егілген. Сондай-ақ, «Сейтжанов» шаруа қожалығына Жалағаш ауданындағы «Ерәлі» қожалығынан әкелінген «лидер» және «элита» күріштерінің сорты егілді. Осы салада табандылық танытқан кетпені сайлаулы, шығыры майлаулы диқандарды тілге тиек етпей кету әбестік болар. Атап айтар болсақ, Мүсірепхан Сейтжан, Әлихан Исмайлов, Әбділдахан Сейтжанов сынды азаматтардың қажыр-қайратының, тынымсыз жұмысының нәтижесінде бүгінгі күні еңбек қарқынды жүріп келеді.
– Қазіргі таңда, 12 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырмын. Олардың барлығы осы шаруашылықта бірнеше жылдардан бері аянбай еңбек етуде. Жұмысшылар да ай сайын жалақысын тұрақты алып отырады. Жыл соңында өздеріне тиесілі сый ақыларын да беріп отырамын, – дейді шаруашылық басшысы.
Сондай-ақ, «Сейтжанов» шаруа қожалығы «Каз Агро Қаржы» мекемесімен бірлесіп, биылғы жылы 115 млн теңгеге бірнеше жаңа заманға сай техникаларды сатып алған. Атап айтар болсақ, «КА 730» 46 млн теңге, экскаватор – 44 млн дән еккіш арнайы машина – 5,5 млн теңгеге т.б техника сатып алған. Аталған заманауи қазіргі таңда іске қосылып, қарқынды жұмыс жасауда. Ы.Жақаевтың ізбасарлары күріш егуден алдыңғы қатардан көрініп келеді. Барлығы да адал еңбектің, тынымсыз тіршіліктің арқасы.
Шаруашылықтың басында жүреміз деп, кеш те қарайып қалыпты. Осымен біздің журналисттік сапарымыз аяқталып, редакцияға қарай беттедік. Жол-жөнекей шаруа қожалықтың басшысы аттың басын өздері тұрып жатқан қара шаңыраққа қарай бұрды. Елдің мақтайтындайы бар-ақ. Кәсібінен нәсіп тауып отырған бұл әулеттің қарапайымдылығы, кең пейілділігі өз алдына бөлек әңгіме. Айта кетейік, ауданға үлгілі бұл әулетте, берекесі мен бірлігі жарасқан жеті бірдей келін бір шаңырақ астында тату-тәтті тұрып жатыр. Ағалы-інілі бауырлардың сыйластығы өз алдына, әулет келіндері де тәрбиеліліктерінің арқасында бір үйдің қыздарындай болып кеткенін байқауға болады.
Сымбат СҰЛТАН