Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ШИЕЛІДЕ ЦЕМЕНТ БАР

ШИЕЛІДЕ ЦЕМЕНТ БАР

«Гежуба Шиелі Цемент» зауыты бүгінде өндіріс көлемін ұлғайтты. «Үздік цемент шығарушы» компаниялардың тізіміне енген отандық өндіріс сапаға баса мән беріп отыр. Себебі әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілік өте маңызды.
Тиісінше өндіріс орны толығымен автоматтандырылған. Зауыт тоқтаусыз жұмыс істеп тұр. Цемент шығару процесі бірнеше күрделі кезеңнен тұрады. Мамандар мұнда 12 сағаттан 4 аусым бойынша еңбекке жұмылдырылған. 260-тан астам жұмысшылардың дені аудан жастары. Олардың барлығы Қытайда біліктілігін арттырып келген. Орташа жалақы шамамен 230 мың теңге.
Отандық өндіріс ошағында өткен жылы 500 мың тонна цемент шығарылған. Соның 180 мың тоннасы Өзбекстанға экспортталыпты. Аудан экономикасының қозғаушы күші саналатын бұл өндіріс орны әлеуметтік салаға да жіті көңіл бөледі. Пандемияға байланысты оқушылардың кедергісіз онлайн білім алуы үшін 150 планшетті сыйға тартыпты. Ал көршілес Төңкеріс ауылына ұзындығы 2500 шақырымды құрайтын арық жүргізіп берген.
Томпанажды цемент – құрылыс, мұнай және газ, сондай-ақ уран өндірісінде кең қолданысқа ие. Сондықтан Қазақстан мен Қытай бірлескен кәсіпорынның өңірдің экономикасына қосып отырған айшықты өндіріс орны. Қазіргі таңда да аудан халқының тіршілігіне септесіп, жұмыссыздық дерегінің төмендеуіне де бірден-бір үлесі бар.

«Өскен өңір» ақпарат агенттігі
18 қараша 2022 ж. 558 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930