«КОМПАНИЯ ГЕЖУБА ШИЕЛІ ЦЕМЕНТ» ТОМПАНАЖДЫ ЗАУЫТЫ
«Гежуба Шиелі Цемент» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жобалық құны 64 млрд. теңге. Аталған зауыт толықтай іске қосылғанда жылына 1 млн. тонна тампонажды цемент шығаратын болады.
Зауыттың құрылыс кезеңінде 1200 адам жұмыспен қамтылып, зауыт толық іске қосылған кезде 260 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
«Гежуба Шиелі Цемент Компаниясы»ЖШС өз қаражаты есебінен аудан тұрғындарының арасынан Қытай Халық Республикасында 46 жас маман қайта даярлау курсынан өтіп, бүгінгі күнге аудандағы цемент зауытына тұрақты жұмысқа орналастыру үшін әр қайсысымен жеке-жеке еңбек шарты жасалуда. Бұған қоса «Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінде» 80 жас маман қайта даярлау курсынан өтуде. Оқудан өткен азаматтардың барлығы Цемент зауытына тұрақты жұмысқа орналасатын болады.