Зауыт маңы жасыл желекке айналады
Бейсенбі күні аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Қ.Бекішев пен аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Ғ.Есімов «Гежуба Шиелі цемент» зауытына барды. Ондағы мақсат зауыттың технологиялық жабдықтарын жаңғыртуға байланысты қоршаған ортаға тигізер әсерін бағалау.
Жалпы «Гежуба Шиелі цемент» зауыты еліміздегі бірегей ірі өндіріс орны екені айдан анық. Зауыттың жобалық құны – 64 млрд теңгені құрайды. Жылына 1 млн тонна цемент өндіретін қуаты бар. Оның 300 мың тоннасы тампонажды цемент болса, 700 мың тоннасы кәдімгі портланд цементі. Зауытта 260 адам жұмыс істейді. Оның 48-і Қытай елінде арнайы оқудан өтті. Қазіргі таңда аудан халқының тіршілігіне септесіп, жұмыссыздық дерегінің төмендеуіне үлес қосып келеді.

Жалпы «Гежуба Шиелі цемент» зауыты Қазақстан мен Қытай арасындағы іскерлік байланысты айшықтай түсетін ірі өндіріс орны. Осы орайда аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Қ.Бекішев аталған зауыт ауыл іргесіне жақын орналасқан соң оның да зиянды тұстарын ескеріп қойған жөн екенін жеткізді. Ең бастысы зауытқа жақын маңда орналасқан тұрғындарға залалы тимеуі керек. Айналаны зиянды қалдықтан тазарту керек.
Аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Ғ.Есімов те зауыттың экологияға және тұрғындарға зиянын тигізбеуін бақылау керектігін тілге тиек етті. Айтпақшы, осы күзді «Жасыл белдеу» бағдарламасы аясында Төңкеріс ауылына кіреберістен бастап зауытқа дейінгі аумаққа 5100 түп талдың көшетін отырғызатынын білдік.
Сонымен қатар Тұран ауылдық округінің ақсақалдар кеңесінің төрағасы Бодыбай Құлахметов зауыттың пайдалы тұстарын айтты. Әр жыл сайын зауыт Төңкеріс ауылдық округіне жақын орналасқандықтан осы ауыл тұрғындарына көмек беріп тұратынын айтты.
Көп жылдардан бері ыза су мәселесінен зардап шеккен ауыл тұрғындарының мұң-мұқтажын аңғарған «Гежуба Шиелі Цемент» зауытының басшысы 2 шақырым жерге арық қазып, ауыл іргесін ыза судан арылтуға демеушілік танытады. Тек бұл емес, өңірдегі тұрмысы төмен 10 отбасыға азық-түлік тарқатып, қолдау танытты. Аудан экономикасына ғана емес қайырымды істердің басы-қасынан табылып жүрген өндіріс басшысы қыс айларында тұрмысы төмен жандарға 12 тонна көмір түсіріп беруге де ықпал жасайды. Көктем шыға 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында батыр аналарға ақ жаулық тағып сый-сияпат көрсететінін сөз етті.
Ш.Тілеубаев