Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерге ХАБАРЛАМА!

Ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерге ХАБАРЛАМА!


31 наурыз күні Мемлекет басшысы дағдарысқа қарсы, соның ішінде ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдауға бағытталған жаңа іс-шаралар пакетін қабылдау туралы мәлімдеме жасады.
Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және қолданыстағы карантин жағдайында көктемгі егіс жұмыстарын жүргізудің аса маңыздылығы атап өтілді.
Сондықтан, ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін жанармайдың нарықтық бағасын 15%-ға арзандатып, 165 теңгеге дейін төмендету тапсырылды, ол үшін 390 мың тоннаға жуық жанармай жеңілдікпен сатылатынын мәлімдеді.
Дизель отынын жеңілдікті баға бойынша сату көктемгі егіс жұмыстарын өткізу кезінде мемлекеттік қолдау шараларының бірі болып табылады.
Бұған дейін аудан прокурорының өкімімен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бағытында мобильді топ құрылған.
Осыған орай, ауыл шаруашылық тауарын өндірушілерге (жеңілдетілген сұйық отынды тұтынушалар) кедергілер, лауазымды тұлғалар мен жеңілдетілген сұйық отынды жеткізуші операторлар тарапынан заңсыз әрекеттер орын алған жағдайда Шиелі аудандық прокуратурасына жүгінуге болатынын хабарлаймыз.
         Сенім телефондары: 4-26-01, 4-12-02, 4-44-80.
17 сәуір 2020 ж. 2 124 0