Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЕГІН-ТЕРІМГЕ ҚАЗЫНАДАН 60 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

ЕГІН-ТЕРІМГЕ ҚАЗЫНАДАН 60 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ


«ҚазАгро» Ұлттық холдингі тарапынан «Аграрлы несие корпорациясы» АҚ арқылы 2018 жылғы көктемгі-егіс және астық жинау науқандарын өткізуге республикалық бюджет есебінен 60 млрд теңге бөлінгені туралы «Аграрлы несие корпорация» АҚ Басқарма төрағасы Нармұхан Сарыбаев 2018 жылғы көктемгі-егіс жұмыстарын қаржыландырудың негізгі кезеңдері туралы Оңтүстік Қазақстан облысында өткен ОКҚ көшпелі баспасөз конференциясында айтты.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігі, «ҚазАгро» Холдингі өкілдері астық егу және жинау науқандары кезінде фермерлерге көрсетілетін қажетті қолдаулар туралы толық ақпарат берді.
–Желтоқсан айында қарызгерлерден алынған өтінімдерді қарастырып, қаңтар айының соңында қаржыландыруды бастадық. Корпорация тарапынан өтінімдерді қысқа мерзімде мақұлдау және қаржыландыру жылдамдығы фермерлерге ұрық, гербицид, құрал-жабдықтар және басқа қажетті тауарлар мен қызметтерді оңтайлы бағамен сатып алуға мүмкіндік береді, – деп «Аграрлы несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы Н.Сарыбаев айтты.
«ҚазАгро» Холдингінің еншілес компаниясы «Аграрлы несие корпорациясы» АШТӨ несиелендіруді үш бағыт бойынша жүзеге асырады: Несие серіктестері /НС/, екінші деңгейлі банктер /ЕДБ/, соның ішінде микроқаржылық ұйымдар /МҚҰ/, және тікелей несиелендіру. Несиелендіру мерзімдері – 2018 жылдың желтоқсанына дейін. Соңғы қарызгер үшін сыйақы көлемі – 6 пайызға дейін.
Қаржыландыруды үш жолмен жүзеге асыру көзделген:
НС – 10 млрд теңге, 2017 жылы бұл көрсеткіш 8,6 млрд. теңге көлемінде;
ЕДБ – 22,0 млрд теңге, 2017 жылы – 21,3 млрд теңге;
тікелей несиелендіру – 28,0 млрд теңге, 2017 жылы 30 млрд теңге.
2018 жылдың 4 сәуір жағдайы бойынша Корпорацияның қарауына 2,6 млн гектар жерді  өңдеуге 59 млрд теңге сомасына 1 776 өтінім түсті, оның ішінен 1,4 млн гектар жерді  өңдеуге 28 млрд теңге сомасына 441 АШТӨ өтінімдері қаржыландырылды. Сонымен қатар 12 млрд теңге сомасына 129 АШТӨ өтінімдері мақұлданды.
6,2 млрд теңге сомасына 161 АШТӨ өтінімдері қарастырылу үстінде. Өсудің қарқынды динамикасы – өткен жылы осы мерзімде байқалады, 1460 АШТӨ өтінімдері келіп түсті. НС арқылы қаржыландыру жүйесінде де келіп түскен өтінімдер санының өскені байқалады – өтінімдер саны 2 еседен көп /НС арқылы АШТӨ өтінімдері бойынша өткен жылдың көрсеткіштері – 294/.
Құжаттарды жинау кезеңін ескере қаржылық құралдар қимасында жалпы өтінімдер пулы келесідей көріністе:
  • 10,7 млрд.теңге сомасына 647 НС соңғы қарызгерлері;
  • 1,5 млрд.теңге сомасына 879 МҚҰ соңғы қарызгерлері;
  • 213 тікелей қарызгерлер – 34,4 млрд.теңге сомасына;
  • 34 ЕДБ –12,6 млрд.теңге сомасына.
Ауыл шаруашылық тауар өндірушілер өтінімдеріне сүйене басым сұранысқа ие дән-дақылдары бидай, арпа, зығыр, рапс, күнбағыс екеніне көз жеткіздік.
«ҚазАгро» Холдингі құрамындағы «ҚазАгроҚаржы» бағдарламалары арқылы 2018 жылдың 2 сәуіріне көктемгі егіс жұмыстарын өткізуге ауыл шаруашылық техникасын лизингке алуға 775 өтінімдері келіп түсті. Бүгінгі күні 370 техникаға қаржылық лизинг келісімшарты жасалды.
Қазақстандық фермерлердің тракторға деген сұранысы өте жоғары, лизингке алуға өтінімдердің жалпы саны 469-ға жетті. 237 өтінім бойынша трактор алу қаржылық лизинг шарттары жасалғанын атап өткен жөн.
Қазақстандық ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін қолдау үшін «ҚазАгроҚаржы» АҚ «Сенімді фермер» жаңа бағдарламасын іске қосуда – «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы қаржыландырылған клиенттердің ауыл шаруашылық техникасын лизингке аванстық төлемсіз алуына мүмкіндігі бар және «Өз жемшөбіміз» – 10 жыл мерзімге дейін жемшөп дайындау және жемшөп жинау техникаларын аванстық төлемі 10 пайыздық жеңілдікпен алуына болады.
Еркін ҚАЛДАН
06 сәуір 2018 ж. 1 119 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930