Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ДИҚАНДАР ДАЛА ЖҰМЫСЫНА ДАЙЫН

ДИҚАНДАР ДАЛА ЖҰМЫСЫНА ДАЙЫН

Облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязовтың төрағалығымен Сырдария ауданындағы "Шаған-Жер" ЖШС егіс алқабында "Дала күні" тақырыбындағы семинар-кеңестің пленарлық мәжілісі өтті.
Мәжіліске облыстық ауыл ша­руашылығы басқармасының басшысы Б.Жаханов, аудан әкімдерінің орын­басарлары, ауылшаруашылық құры­лым­­дарының төрағалары, шаруа­шы­лық өкілдері қатысты.
Мәжілісте ауылшаруашылық сала­сы­ның басым бағыттары, оның ішін­де егін шаруашылығына қатысты атқарылған жұмыстар мен алда тұр­ған мақсат-міндеттер жан-жақты талқыланды. Егіс даласында бас қосқан ауыл шаруашылығы саласының мамандары өзекті мәселелерді ортаға салды.
Облыстық ауыл шаруашылығы бас­қар­­масының басшысы Б.Жаханов көк­­темгі егін егу жұмыстарына дайын­дықтың барысы туралы баяндады.
– Биыл облыс бойынша барлығы 177,1 мың гектарға егіс егу межеленген. Оның ішінде дәнді дақылдар – 88, майлы дақылдар 10,6, мал азықтық дақылдар – 60,6, картоп, көкөніс, бақша 17,7 мың гектарды құрайды. Негізгі дақыл күріштің көлемі – 81,1 мың гектар. Биыл көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге Үкімет тарапынан 14 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлініп, жеткізуші операторлар арқылы наурызда кестеге сай жеткізіліп, ауыл шаруашылығы құрылымдарына толығымен тара­тылды, – деді Б.Жаханов.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі­нің бұйрығымен биыл ауыл шаруа­шылығы дақылдарын суаруға 4,2 млрд текше метр су лимиті бекітіліп отыр. 2018 жылы 26 сәуірдегі мәлімет бойынша «Шардара» су қоймасына жоғарыдан секундына 440 текше метр су түсуде. Қоймадағы су көлемі 4,7 млрд текше метрді құрап отыр.
Өткен жылы облыс бойынша 91 мың гектарға Сыр салысы егілсе, биыл күріштік көлемі 10 мың гектарға азайған. Бұл ретте диқандар тұқымның өнімділігіне баса мән бермек. Қазіргі таңда көктемгі дала жұмыстарына қажет­ті техникаларды дайындау жұмыс­тары жүруде. Сондай-ақ, егіс­тікке қажетті жанар-жағармайды, тыңайт­қышты тасымалдау қолға алын­ған. Ескере кететін жайт, биыл ауа райының қолайсыздығына байланысты күріш егу бір аптаға кешеуілдеп отыр.
Сонымен қатар, көктемгі дала жұмыстарының барысы, егіс алқап­тарын әртараптандыру жөнінде «Ы.Жақаев атындағы Күріш ғылыми- зерттеу институты» ЖШС директоры Серікбай Өмірзақов, «Шаған Жер» ЖШС төрағасы Бердіқұл Қадыров және басқа да жауапты мамандар хабарлама жасады.
«Шаған жер» серіктестігінің үле­сінде 5000 гектарға жуық егістік алқа­бы бар. Қазірде мұнда 350-ден астам адам еңбек етеді. Былтыр күріштің әр гектарынан 58 центнерден өнім алған серіктестік биыл да жоғары межеден көрінуді міндет етіп отыр.
Шаруалар үшін маңызды мәселенің бірі – тыңайтқыш таңдау және оны қолдану әдіс-тәсілдерін талапқа сай орындау. Бұл ретте дала семинарына арнайы мамандар шақыртылған. Олар тыңайтқыштар төңірегінде кеңінен түсіндірме жүргізді.
– Біздің мұнда ауыл шаруашылығы саласы мамандарына тыңайтқыштарға тапсырысты уақытында беру мәселесін және оны алу жолдарын түсіндіріп жатырмыз. Осы арқылы олар процент көлемінде субсидияға ие болады. Аммофос минералды тыңайтқышын және фосфогипсті ұсынамыз. Фосфо­гипс­тің тұзды жерді тыңайтудағы әсері ерекше. Бізде бұл тыңайтқыштың мол қоры бар. Сондықтан облыс әкім­дігімен жасалған келісімге сәйкес тегін береміз. Шаруалар тек тасымал шығынын төлейді, – деді «Қазфосфат» ЖШС бас менеджері Альберт Юн.
Семинар барысында мамандар жоңышқа тұқымын жаңарту жайын да ойласты.
– Бүгінде қолданыстағы жоңыш­қа тұқымының тозығы жетіп, шығым­дылығы азайған. Мұндай мәселе бау-бақша мен өзге де дәнді дақылдарда кездеседі. Сондықтан аймақта түрлі бағыттағы тұқым шаруашылықтарын дамыту қажеттілігі туындап отыр. Сондай-ақ, егістік көлемін көбейте бермей, еңбек өнімділігін арттыруға баса мән беру қажет, – деді облыс әкімінің орынбасары Серік Қожанизов.
Жиылғандар агросалаға ғылыми жетістіктерді енгізу арқылы бұл мәселелерді еңсеруге болады деген ортақ шешімге келді.
Шынар БЕКБАН,
«Сыр бойы».
06 мамыр 2018 ж. 1 292 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930