Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Кәсіп бастауға қанша қаржы керек ?

Кәсіп бастауға қанша қаржы керек ?

Айлықтан айлыққа күнелткен қарапайым қызметкер жеке кәсіп ашып, өзіне жұмыс істеуді қалайтыны анық. Жалақысын азсынып тұрақты жұмыспен қатар жеке кәсібін жүргізуге қызығушылық танытатындардың қатары да аз емес. Бірақ қиялыңдағы бизнес-жоспарын іске асыруға тәуекелшілігі жетпей, іс жүзінде орындай алмай жататындар жиі кездеседі.
Сондықтан кәсіп ашпас бұрын ең алдымен нақты жоспарыңызды пысықтап алғаныңыз жөн. Көздеген бағытыңыз қандай, оған сіздің шамаңыз, төзіміңіз, уақытыңыз жете ме? Әлбетте, әр кәсіп әртүрлі. Демек қаржы да идеяның орасандығы мен көлеміне қарай құбылады. Сіз шағын кәсіпті бастадыңыз , ең алдымын өзіңіздің кәсіпкер екеніңізді дәлелдейтін куәлік алғаныңыз жөн. Бизнес ашуда ең маңыздысы жүйелі бизнес-жоспар құру. Мейлі бизнес жоспарды қарапайым блакнотқа жазып, күнбе күн жасаған әрекеттеріңізді түртіп отырыңыз. Мәселен, ниеттенген кәсібіңізді, саланы терең зерттеп, әр шығынын есептеу қажет. Жаңа кәсіпті бастау, оны тұрақты жүргізуге алдымен жаттығу керек. Таңертең ерте ояну, барлығын қаперде ұстау, серіктестермен белгіленген уақытта кездесу, салықтар, төлемдер мен жалақыны уақытында төлеуді дағдыға айналдыру керек. Алғашқы капитал қағазбастылық, салық, бір-екі айға шамамен кететін шығынды қоса есептегенде артығымен болуы шарт. Әрине, кәсібіңіз өрге жүзіп, алға жылжу үшін әуелгіде түрлі қиыншылықтар кездесуі мүмкін. Ондай сәтте дана халқымыздың «Басы қатты болса, аяғы тәтті болады» деген тәмсіліне жүгініңіз. Ал қарыз, несие алу жаңадан құрылып келе жатқан бизнеске кедергі, тіпті соңы болуы мүмкін. Сүйікті іспен айналысу, уақыт пен қаражатқа қожайын болу, табысқа кенелу, бай-қуатты өмір сүру, арман мен мақсатқа қол жеткізу – сәтті құрылған бизнестің жемісі. Кез келген бизнес ашу үшін қаражат керек. Егерде кәсіпкерліктен ешқандай хабарыңыз болмаса, үлкен кәсіп бастауға ұмтылмаңыз. Ең алдымен жоғарыда айтылған шағын кәсіпті айналдырып көріңіз. Үлкен кәсіпкер боламын деген мақсат қойыңыз және сол мақсатқа ұмтылыңыз. Біліксіз бизнеске ақшаны салу ақымақтық.

Әзірлеген
Азамат Жапбарбергенов
23 қараша 2019 ж. 999 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (9195)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930