Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытайда ұзақ сақтауға жарамды қымыз саудаға шығарылды

Қытайда ұзақ сақтауға жарамды қымыз саудаға шығарылды


Қытайдың Іле Қазақ автономиялы облысында «Арыс» сауда белгісімен ұзақ уақыт сақтауға болатын қымыз нарыққа шығарылды, деп жазады қытайлық kazakcnr.com (CNR) сайты. Іле Қазақ автономиялы облысының Күнес ауданындағы қымыз шығаратын өндіріс орталығына 3 миллион юань қаржы жұмсалған. Осы кешенде «Арыс» сауда белгісімен өндіріліп  жатқан қымызды 6 айға дейін сапасын жоғалтпай сақтауға болады. Мұндағы барлық өндіріс барысы автоматтандырылған. Ал қажетті озық техникалардың кейбірін Германиядан тапсырыспен алдырған. Нарықта  750 мл ыдысқа құйылған «Арыс» 28 юаньға (теңгеге шаққанда 1500 теңге) сатылса, ал 300 мл ыдысқа құйылғаны 12 (650 теңге)  юаньға бағаланған.  Кәсіпорын  жазғы уақытта күніне 10 тонна, қыста 1 тоннаға дейін қымыз дайындап, саудаға шығарып жатыр.
inform.kz

06 қаңтар 2019 ж. 1 685 0