Ең таза мемлекет
Германия – әлемдегі ең таза мемлекеттердің бірі. Алайда, ертеректе бұл елдің де халқы тазалыққа аса мән бермей, үйлерінен шыққан күл-қоқысты көрінген жерге тастап, елде антисанитария орнатып, салдарынан халық түрлі ауруларға шалдығатын болған.
Жағдайды XV ғасырда граф Вюртембергтің жарғысы өзгертті. Жарғы бойынша, егер сіз көршіңіздің бір апта бойы ауласын тазартпағанын байқасаңыз, дереу бұл жайлы сол кездегі тазалық сақтау ұйымына хабарлауыңыз тиіс. Ал, егер көршіңіздің салақтығына салғырт қарап, «немкеттіге» салынсаңыз, көршіңізбен қоса сіз де жазаланасыз. Бұл жазадан қорыққан халық жарғыны қалтқысыз орындап, осыдан кейін көшеде болсын, үйде болсын, тазалықты сақтап жүру немістердің әдетіне айналып кеткен.