Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мүмкін емес: Жаңа туылған нәресте 5 қабаттан құлап, аман қалды

Мүмкін емес: Жаңа туылған нәресте 5 қабаттан құлап, аман қалды



Сәбидің анасы бар болғаны жасөспірім. Ол баласын бесінші қабаттан лақтырып жіберген.
Оқиға Таиланд елінде, дүйсенбі күні орын алды. “Самут Пракан” үйінің тұрғындары сәбидің жылаған даусын шамамен таңғы сағат 10-30-да естіген.
Олар биік қоршаудан асып, банан бақшасынан кішкентай ұл баланы тауып алады.Сәби банан жапырақтарына құлап, аман қалған. Денесінде тек сызаттар бар, сәбиді маса мен басқа жәндіктер шаққан.Полиция қызметкерлері баланы лақтырып жіберген жасөспірімді іздеп жүр. Ол босанбай тұрып екі қабат кезінде тұрғындардың көзіне түскен.
“Мен баланың жылаған даусын таңғы 10.30-да бірінші естідім. Бірақ онша мән бермедім. Сосын мен басқа көршіммен ақылдасып, тексеруге бардық, — дейді көрші Хан Конхан.
“Біз жылап жатқан сәбиді жерден тауып алдық. Жанында оның өмірін құтқарған бірнеше сынған жапырақтар жатты”, — дейді ол.
Хан екіқабат болып жүрген кішкентай қызды көргенін айтты. Бірақ оның кім екенін білмейді.
Көпқабатты үйдің иесі полиция қызметкеріне түсініктеме берді. Олар қазір қылмыс жасап, адам өлтіруге дейін барған ананы іздеуде.“Полиция қызметкерлеріне сағат 11-де көпқабатты үй маңынан, банан бақшасынан сәби табылғаны жеткізілді”, — дейді лейтенант Амнат Чарон.
“Банан ағашының астында cәби мен оның ұрықжолдасы жатты. Денесінде маса мен құмырсқалардың шаққан іздері болды. Денесі кішкене қызарып тұрды. Бала биіктіктен құлағанын көрсететін белгілер бар еді. Біз бесінші қабатта тұратын жасөспірім бөлмесінде, жасырын түрде босанғанына сенімдіміз”, — дейді ол.
Сәби ауруханаға жеткізілді. Қазір оның денсаулығы жақсы.
Stan.kz
14 қазан 2018 ж. 1 740 0