Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Болашаққа бейжай қарамайық

Болашаққа бейжай қарамайық

Құрылтай депутаттарының сайлауы – әр азаматтың қоғам өміріне белсенді араласуына мүмкіндік беретін маңызды саяси науқан. Бұл – туған өлкенің болашағына қатысты өз пікірін білдіріп, өңірдің дамуына ықпал етуге берілген заңды мүмкіндік.

Қоғамның дамуы әрқайсымыздың жауапкершілігімізге байланысты. Елдің ертеңі, ауданның өркендеуі мен тұрғындардың әл-ауқаты ортақ мақсатқа жұмылған азаматтардың белсенділігі арқылы қалыптасады. Сондықтан сайлауға қатысу – ел тағдырына деген жанашырлықтың және азаматтық ұстанымның айқын көрінісі.

Әрбір берілген дауыс – өңірдің келешегі үшін жасалған маңызды таңдау. Осыған орай аудан тұрғындарын Құрылтай депутаттарының сайлауына белсенді қатысып, өз таңдауларын жасауға шақырамыз. Өйткені болашаққа бастар жол – бүгінгі саналы шешімнен басталады.
28 шілде 2026 ж. 241 0