Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » БЕЛСЕНДІ АЗАМАТТЫҚ ҰСТАНЫМ – ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ

БЕЛСЕНДІ АЗАМАТТЫҚ ҰСТАНЫМ – ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ

Алдағы 23 тамызда өтетін құрылтай депутаттарының сайлауы – елдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды науқан. Бұл күн әрбір азаматқа өз пікірін білдіріп, өңірдің дамуына үлес қосатын өкілдерді таңдауға мүмкіндік береді. Қоғамның тұрақты дамуы мен елдегі оң өзгерістер тұрғындардың белсенділігіне тікелей байланысты. Сайлауға қатысу арқылы азаматтар өздерінің құқықтарын жүзеге асырып қана қоймай, елдің келешегіне деген жауапкершіліктерін де көрсетеді. Бұл – заңмен кепілдендірілген құқық әрі әр адамның азаматтық борышы. Құрылтай депутаттарының сайлауы қоғамдық келісімді нығайтуға, тұрғындардың ұсыныстары мен бастамаларының ескерілуіне ықпал ететін маңызды саяси үдеріс болып саналады. Сондықтан әрбір сайлаушының таңдауы өңірдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық дамуына әсер ететін маңызды шешімдердің негізіне айналады. Осыған орай барша аудан тұрғындарын 23 тамыз күні дауыс беруге белсенді қатысуға шақырамыз. Әрбір берілген дауыс – елдің жарқын болашағына қосылған нақты үлес, ал азаматтық белсенділік – тәуелсіз Қазақстанның тұрақты дамуының берік кепілі.

26 шілде 2026 ж. 34 0