Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ит ұйықтап жатып тұншығып қалған сәбидің өмірін құтқарып қалды

Ит ұйықтап жатып тұншығып қалған сәбидің өмірін құтқарып қалды

Англиядағы Кент графтығында 23 жастағы Шэннон Уикс түнгі сағат 23:00 шамасында кішкентай қызын ұйқыға жатқызған. Мұнан кейін үйіндегі шаруаларды тындыруға кеткен. Алайда біраз уақыттан кейін үйдегі ит өзін біртүрлі ұстай бастапты.

«Біздің итіміз үйдің ішінде әрлі-берлі жүгіріп, тоқтамай үрді. Біз не болғанын түсіне алмадық. Себебі ол бұған дейін мұндай қылық көрсеткен емес. Ол мүлде сирек үреді», – дейді Шэннон Уикс.
Мұнан кейін ит Шэннонның жанына келіп, сәби ұйықтап жатқан бөлмеге қайта жүгіре жөнелген. Осылайша үй жануары төніп тұрған қауіпті ескерткісі келген. Анасы бөлмеген кірген кезде қорқынышты көрініске куә болған. Етпетінен жатқан Хлоя жастыққа тұншыға бастапты. Шэннон оны бір қырына аударған кезде, сәбидің көгеріп кеткенін көрген. Сол күні сәбидің іші ауырған екен. Нәтижесінде ол жастыққа құсып қойған. Ал құсықтың бір бөлігі қыздың тамағында тұрып қалыпты.
«Бұл нағыз сұмдық жағдай болды. Мен оны аударғанымда, денесі көкпеңбек болған еді. Әрең қимылдап жатты. Мен оның арқасынан ұрғыладым. Сол кезде тамағына тұрып қалған құсықтың қалдықтары шығып кетті. Сөйтіп ол тыныс ала бастады», – дейді Хлояның анасы. Мұнан кейін анасы Хлояны дәрігерлерге көрсету үшін ауруханаға бет алған. Дәрігерлер ит үріп, сұмдық жайт туралы ескертпегенде, ата-анасы кішкентай қызынан айырылып қалатынын айтқан. Оның сөзінше, Кинг Чарльз атты ит үй иелері үшін нағыз қаһарманға айналған. Ол өз әрекетімен баланың өмірін құтқарып қалды. Бұрын Хлоя итінен қорқып, жақындамауға тырысса, бүгінде екеуі айырылмас достарға айналған. Иттің өзі де кішкентай қыздан бір елі алшақтамайды.
Stan.kz
04 қыркүйек 2018 ж. 1 488 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930