Әр дауыс – ортақ сенімнің белгісі Құрылтай депутаттарының сайлауы – халықтың пікірін ескеруге және қоғамдық бастамаларды қолдауға бағытталған маңызды саяси үдеріс. Бұл науқан әрбір азаматқа ел өміріндегі маңызды мәселелерге бейжай қарамай, өз таңдауын жасауға мүмкіндік береді.Азаматтық белсенділік – дамыған қоғамның басты көрсеткіштерінің бірі. Әр тұрғынның сайлауға қатысуы қоғамдағы өзара сенім мен жауапкершілікті нығайтып, өңірдің тұрақты дамуына ықпал етеді. Сондықтан әрбір дауыс тек жеке таңдау емес, ортақ мақсатқа қосылған үлес болып табылады.Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысу – болашаққа деген сенімнің және ел дамуына деген жанашырлықтың көрінісі. Барша аудан тұрғындарын саяси науқанға белсенді қатысып, азаматтық ұстанымдарын білдіруге шақырамыз. Себебі әр азаматтың дауысы маңызды, ал әрбір таңдау – елдің ертеңіне қосылған үлес. Қоғам 28 шілде 2026 ж. 34 0