Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Біз білмейтін қызықтар

Біз білмейтін қызықтар

Ғаламшардың барынша аз зерттелген нүктелері туралы біліп алыңыз. Тізімнің соңынан басына қарай өрлейік.

12. Эребус шыңдары мен үңгірлері
 
Эребус таулары — Антарктидадағы екінші үлкен вулкан, 1972 жылдан бері сөнбеген. Осының әсерінен Эребуста мұз еріп, қайта қатқан, сосын олар үлкен үлкен мұзды шыңдарға айналған. Бұл шыңдардың көбінен үнемі бу атқылап тұрады. Дәл осы жолмен Эребустағы мұзды үңігрлер е түзілген.
11. Банауэ күріш алқаптары, Филиппин

Банауэдегі күріш террассалары 2000 жылдай бұрын Ифугао тауларынан қашалып салына бастаған. Филиппиндіктер «әлемнің сегізінші кереметі» деп әспеттейтін бұл ғажайып осы жердің байырғы тұрғындарының қолымен қашалған. Теңіз деңгейінен 1500 метр жоғары орналасқан алқап 10 нан астам шаршы шақырымды алып жатыр. Алайда, бұл ғажайып күн өткен сайын тозып бара жатыр...
10. Лашық шыңдар, Каша-Катуве
 Нью-Мексикадағы Каша-Катуве лашық шыңдары 7 миллион жыл бұрын қатты жанартау атқылуы нәтижесінде түзілген. Шыңдардың көпшілігі күлден тұрады. Басым бөлігі аласа бұл шыңдардың кейбіреулері ғана 30 метрден асады.
9. Сигирия Арыстан шыңы, Шри Ланка

Сигирия (Арыстан шыңы) – Шри Ланкадағы Матал ауданында орналасқан таулы бекіністің қалдығы. Су жинайтын көне сыйымдылықтар, ат шаптырымдай үлкен бақтар мен тағы басқа да толып жатқан құрылыстар бар. Сигирияның құрылысы король Кассапа I (477 б.э. – 495) кезінде басталған деседі. Әлемдегі ең қымбат жеті мұраның бірі. Біздің кезеңімізге дейін Сигирияда адамдар тұрған. Оны таулы монастырь ретінде пайдаланған.
 8. Лечугия үңгірі

Лечугия да Нью Мексикада орналасқан табиғатттың тылсым құпияларының бірі. Үңгір әлемдегі зерттелуі тиіс жеті нысанның қатарында. Әзірге белгілісі оның ұзындығы 134,6 миль. 1986 жылы ашылғанына қарамастан Лечугия әлі толық зерттелмеген. Ғаламшардағы ең ежелгі экожүйенің адам тиіспеген сиректерінің бірі.
 7. Крубера үңгірі

Крубера үңгірі Абхазиядағы Арабика тау жүйесінде орналасқан. Жер бетіндегі ең терең үңгір,  тереңдігі 2,191 метр. Жергілікті жұрт Крубераны Қарғалы деп те атай береді. Себебі, үңгір нағыз қарғалы мекен.
 6. Гүлдер алқабы, Үндістан

Гүлдер алқабы – Үндістандағы ұлттық парк. Аспанмен таласқан шыңдардың ұшар басына дейін гүл басқан алқаптың сыры әлі белгісіз. Сонымен қатар, азиялық қара аю, қар барысы, бурыл аю, көгілдір қой секілді жойылып бара жатқан аңдардың табиғи Отаны дәл осы алқап.
5. Гленко алқабы, Шотландия
 Шотландияның ең солтүстік нүктесінде Гленко алқабы орналасқан. Әсемдігі жөнінен әлемде Гленко алқабымен таласар аймақтар Жер бетінде сирек... Гленко мыңдаған өзендер алқабы, бояуы бұзылмаған, адам баспаған тұмас табиғат аймағы.
4. Кинта да Регалейра, Португалия.

Кинта да Регалейра Синтрада орналасқан көне храм. Айналмалы сатымен оның ұшар басына жетуге болады. Португалияның көне жәдігері саналатын бұл нысан масондар жоралғыларының Отаны деп есептеледі.
 3. Плитвицка өзендері, Хорватия
 
Плитвицка өзендері ұлттық паркі – өзендер мен сарқырамалардың отаны. Жанарды арбаған жасыл әлем қайталанбас әсер береді. Тіпті, өзендер мен сарқырамалардың көпшілігі қатып қалатын қыстың өзінде бұл жер ғажап сұлу. Хорватияға бара қалсаңыз, бұл аңғарға соқпай кетпеңіз, әлемнің ешбір нүктесінде мұндай әсем жер жоқ.
 2. Улинъюань, Қытай

Үш мыңнан астам құм таулар аспанға тік шаншылып тұр... Улинъюань! Қытайдағы ғажайып табиғат туындылары кварцит пен құмнан ғана құралған. 1992 жылы ЮНЕСКО ның Бүкіл әлемдік мұралар тізіміне енген өлке Чаншидан солтүстік батысқа қарай 700 миль жерде орналасқан.
 1. Кей Гомпа монастырі

Ки немесе Кей Гомпа — тибеттік буддалық монастырі. Үндістанның Кибар аулының құрамына кіретін шың басында орналасқан ғимараттың басынан не түрлі нәрселер өткен. Үндістан ғажайыбы 11 жүзжылдық тарихында моңғол шапқыншылығын, өрт пен жер сілкінісінен аман өткен. 
EL-Ақпарат
23 қыркүйек 2018 ж. 1 757 0