Жанартаулар неге әртүрлі болады?
Балиде кеше Маунт Агунг жанартауы атқылай бастағандықтан 450 әуе рейсі кейінге шегеріліп, 75 мың адам аралдан шыға алмай қалды. Жанартау атқылай бастағандықтан аспанда 2,5 километрлік бұлт пайда болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ABC News басылымына сілтеме жасап.
Осы айда Гватемаладағы «Өртті жанартау» атанып кеткен Фуэго жанартауы да атқылап, 112 адамды өлтірген еді. Сол табиғи апат кезінде Гватемалада 197 адам із-түссіз жоғалып кеткен.
Гавай аралдарында да Килауэа жанартауы атқылап, 600-ден астам үйді зақымдады. Дегенмен, бұл жанартаудың атқылауы өте баяу жүріп жатқандықтан, халық «Лавада тамақ пісіру мүмкін бе?» деген сұраққа жауап іздеуде.
Осы ретте туындайтын заңды сұрақ – неге жанартаулар соншалықты әртүрлі болады? Неге жанартаулардың бірі өлімге әкеліп, қауіп тудырып жатса, басқаларынан еш зиян болмайды? Бұған не әсер етеді?
Барлығымыз білетіндей, жанартаулардың бірнеше түрі бар.
Балидегі Агунг, Гавайдағы Килауэа жанартаулары бір-біріне ұқсайды. Дегенмен, Фуэго мен Агунг жанартаулары Килауэадан орналасқан жеріне байланысты аздап өзгешеленеді. Вулканолог профессор Рей Кастың айтуынша, Гавай аралдарындағы жанартау теңіз қыртысында орналасқандықтан, оның лавасында жанартау газдары аз болады.
Агунг пен Фуэго жанартаулары «От сақинасының» бойында, яғни, жиі жанартау атқылайтын аумақта орналасқан. Жанартау Жер литосферасына тереңірек түсе бастағанда, жанартау атқылайды.
«Кейбір жанартаулар жиі атқылауға бейім келеді. Бұның себебі – тереңірек түскен сайын лава құрамында су мен жанартау газдары көп мөлшерде болады. Бұл жағдайда су өлімге әкелуге қауқарлы қауіпті күшке айналады», дейді ол.Маманның айтуынша, жанартау атқылағанда ең көп қауіп судан төнеді. «Жиі атқылайтын жанартаулардың көбінде лавада су болады», дейді профессор Кас.
Осылайша Агунг жанартауы атқылап, ауада 2 километрге созылатын түтін пайда болды.
Мысалы, Исландиядағы Эйяфьядлайё̀кюдль жанартауы мұздықтың астында орналасқан. Ол 2010 жылы атқылаған кезде пайда болған түтін Еуропаның көп бөлігін жауып, әуе қозғалысына кедергі келтірген болатын.
«Жанартау атқылай бастағанда мұздық ери бастады. Еріген су базальтпен жылдам ысып, бу пайда болды. Бұл өз кезегінде жанартау түтінін туғызды», дейді профессор Кас.Жанартауға жақын тұру мүмкін бе?
Жанартау атқылағанда оның маңында тұру мүмкін емес деген пікір бар. Олай емес. Мысалы, Гавай аралдарында лава-туризм деген түсінік бар. Онда туристерге жанартау лавасына жақын баруға мүмкіндік жасалады. Дегенмен, жоғарыда айтқанымыздай, ақырын атқылайтын жанартау лавасына тамақ пісіру мүмкін емес. Ал АҚШ Геологиялық қызметі өзінің Туиттердегі парақшасында «Олай істей көрмеңіздер!» деп жазған еді.
Профессор Кастың айтуынша, Гавай аралдарындағы жанартау көздеріне жақын баруға болғанымен, ол қауіпсіз деген сөз емес.
«Лава теңізде болса, ол теңіз суын ысытады. Ол да тағы бір жарылысқа әкелуі мүмкін. Гавайда халық неден қайтыс болды? Олар лаваға жақын маңда болды», дейді ол.
Агунг пен Фуэго жанартауларына келер болсақ, олардың басты қаупі лава емес.
«Бұл жанартаулар өте жылдам атқылайды. Жүздеген градус ыстық лава сағатына оннан жүздеген километрге дейінгі жылдамдықпен аға алады. Дегенмен, бұл лаваның ең қауіптісі – оның құрамында адамның демалу дүйесіне әсер ететін компоненттер болады», дейді маман.Халық неге жанартауға жақын өмір сүреді?
Халықтың жанартауға жақын маңда өмір сүруі ең бірінші кезекте әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты. Сонымен қатар кедей халық жер арзанға сатылатын жерлерде өмір сүреді. Ал жанартаулар маңындағы жер үнемі төмен бағаға саудаланады.
Кедей мемлекеттерде ресурстардың болмауы, білім мен қоғамнан жырақта болуы, жанартауларға жақын орналасуы, әсіресе Бали мен Гватемалада жанартаудан өлу қаупі жоғары.
«Бұл маңда кез келген уақытта атқылауы мүмкін бірнеше жанартау бар. Оны зерттеу үшін көптеген мониторинг жүргізу керек. Бұл өте үлкен ресурсты қажет етеді. Жанартаудың қашан атқылауы мүмкін екенін болжау үшін де көп қаражат қажет. Сондай-ақ жанартау атқыласа суретке түсіріп, сол маңда жүретін халық қарасы көп. Олар жанартау лавасы кез келген жылдамдықпен, кез келген толқынмен төмен ағып, көзді ашып жұмғанша қасыңнан табылуы мүмкін екенін ескеруі керек», дейді профессор Кас.Ағылшын тілінен аударған Алтынай Қуанышбек
Baq.kz сайты