Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» »  Италиядағы ежелгі Помпеи қаласынан маңызды жәдігерлер табылды

 Италиядағы ежелгі Помпеи қаласынан маңызды жәдігерлер табылды

Италия Помпеи қазба жұмыстары Помпеи қаласында археологтар ежелгі қойманы тапты. Везувий жанартауы жойған шаһарда 20 жылдық үзілістен кейін қазба жұмыстары қайта жалғасты. «Cкола арматурарум» деп аталатын кешеннің артқы бөлмелерінде 15 құты табылған. Альберта Мартеллоне, археолог:  - Мына бөлме жанартаудан атқыланған ұсақ тасқа толған. Біз тастарды алып тазартып жүргенде осы амфоралардың ауызын байқадық. Жерорта теңізі аймағының түрлі қаласынан әкелінген 15 амфора таптық. Кейбіреуінде жазу да бар. Мысалы, мына құтыда балық тұздығы болған. Тауарды жеткізген кісінің есімі жазылыпты. Сол кездегі дәстүр сондай болған. Ғалымдар бұл тауарлар сақтайтын қойма деген қорытындыға келді. Ал бұрын  жауынгерлерді дайындайтын кешен болуы мүмкін деп болжанған еді. Сөйтсе, бұл орын жеңісті тойлайтын мекен болып шықты. Әдейі осы үшін май, шарап пен балық тұздығы сақталған. Осы күндерге дейін қойма туралы ешкім білмейтін. 1915 жылы қазба жүргізген археолог Витторио Спинаццола «Скола арматурарумның» артқы бөлмелеріне көңіл бөлудің қажеті жоқ» деп, бар назарын керемет фрескалары бар банкет залына аударған. Қазіргі кезде мамандар осы фрескаларды қалпына келітріп жүр.   Виттория Кутоло, реставратор: - Үгітіліп жатқан қабаттарын арнайы ерітіндімен бекіттік. Әрине фреска су жаңа қалпына келмейді. Алайда тарихымен талай жұртты әлі таңқалдырады.  Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде бомбалаудан фресканың біразы  қирады. 2010 жылы шатыры құлап, тарихи жәдігерлер тағы да жарамсыз болып қалды. Сол кездегі оқиғадан кейін Италия халықаралық қауымдастық алдында ұятқа қалып, масқара болған еді. ЮНЕСКО-ның бірегей ескерткіші бейбіт күнде бәрінің көзінше қирап жатты.  Массимо Озанна,  Помпеи археологиялық саябағының директоры: - Осыдан бірнеше жыл бұрын «Скола арматурарум» дауға қалды, 2010 жылы мұнда шатыр опырылып құлады. Осы оқиға Италияның өз тарихи мұрасын сақтай алмайтындығын айқындады. Помпеиге немқұрайлы қараған кезең болатын. Осыдан кейін жағдай күрт өзгерді. Соңғы жылдары Помпеиде біраз жұмыс атқарылды. Археологиялық саябақты ретке келтіру үшін 500 миллион еуро жұмсалған. Соңғы 20 жылдан кейін қазба жұмыстары қайта жалғасты. Саябақтағы 66 гектар жердің жиырма екісі сол қалпы зерттелмей жатыр. 1979 жылы атқылаған Везувий жанартауы ежелгі қаланы жойып жіберді. Екі мыңнан аса жыл өткеннен кейін осы қасіретті мына гипс мүсіндері еске салып отыр. Жанартау кезінде қаза тапқан адамдардың денелерін күл қалың қабатпен басып тастап, кейін сол жерлерде қуыстар пайда болған. Ғалымдар сол қуыстарға гипс құйған. Бүкіл әлемде осыған ұқсас дүние жоқ. Археологтар қалада қазба жұмыстарын бастағалы 270 жыл өткен, бірақ әлі күнге дейін Помпеиде  қанша адам қаза тапқаны белгісіз. Авторлары: Юлия Гончар, Массимилиано Вольпе

29 қаңтар 2018 ж. 1 761 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930