Грекиядағы арал баламалы қуат көзіне толықтай көшеді
Грекияға қарасты Тилос аралы толықтай баламалы энергия өндіруге көшеді. Биылғы жылдың аяғында іске қосылатын қуаты 800 киловаттық турбина жел генераторы күн электр стансасы мен аккумуляторлардың көмегімен жұмыс істейді. Еуроодақтың қаржысына салынған қондырғы тозығы жеткен ескі желіні алмастырмақ. Айта кетерлігі, Тилос туристер жиі баратын Родос пен Кос аралдарының маңында орналасқан. Қазіргі таңда Тилос өзіне қажетті электр қуатын Кос аралындағы дизельді электр стансасынан алып отыр. Ал екі аралды жалғайтын қуат желілері теңіз астымен жүргізілген. Сол себепті желілер үзіліп, жарық сөнетін жағдайлар жиі болып тұрады. Мұндай кезде тұрғындар дизель генераторларын пайдаланады. Жалпы арал халқының саны 400-ге жетеді. Ал жаз мезгілінде Тилосқа демалуға 3 мыңға жуық турист келеді екен. Спирос Алиферис, энергетикалық жоба менеджері: - Жобаның инновациялық ерекшелігі аккумуляторлар электр қуатын қажетінше сақтайды. Яғни біз энергияны қажет мөлшерде тұтынған кезде артылған энергия жел генераторында сақталады. Севасти Делапорта, қонақ үй иесі: - Бұл жоба көңіл қуантады екен. Себебі қазіргі жүйенің салдарынан ісіміз алға баспай тұр. Сондай-ақ қонақ үйге тоқтаған жандарға да ыңғайсыздық келтіреді.
24.kz
24.kz