Лондон мен Лос-Анджелестегі наурыз
Түркі халықтарының ортақ мерекесі Наурыз – ынтымақ пен бірліктің мейрамы. Бұл күні көрші-қолаң, ауыл-аймақ, ағайын-туыс бас қосып, бір жасап қалады. Тіпті шетелдегі қазақтар да жиналып, Ұлыстың ұлы күні шат-шадыман көңіл күйде тойлайды.
Осы орайда Лондондағы жерлесіміз, белгілі журналист Ғалымжан Қараманұлымен хабарласып, қандастарымыздың ұлық мерекені қалай тойлайтынын сұраған едік. Оның айтуынша, Наурыз – шет елдегі қазақтардың жыл сайын асыға күтетін және ерекше сән-салтанатпен қарсы алатын мейрамы. Бұл күні түрлі ұлт өкілдері өздерінің ұлттық өнерін паш етіп, ұлттық тағамдар дайындалады екен.
– Былтыр дәстүрлі мереке екі жылдық карантиндік шектеулерден кейін қайта аталып өтілді. Ол Орталық Азия елдерінің көктем фестивалі аясында ұйымдастырылды. Пандемия салдарынан көптен қауышпаған қандастар бірін-бірі көріп мәз болысты. Түрлі ұлт өкілдері ұлттық киімдерін киіп, өздерінің өнерін ортаға салады. Ұлттық тағамдар әзірленіп, мерекелік дастархан жайылады. Өзбек ағайындар палауын пісіріп сатады. Бұл күні олардың саудасы қыза түседі. Сондай-ақ, ұлттық қолөнер шеберлерінің көрмесі де көпшілік назарына ұсынылады. Түрлі әшекейлер, өзге де қолөнер бұйымдарын сол көрмеден табасыз. Әр түрлі кәдесыйлар да сатылады. Жалпы мерекеде Орта Азия елдерінің салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, ұлттық мәдениеті ұлықталады. Мұндағы қазақтар Наурыз мерекесін жылда осылайша тойлайды, – дейді ол.
Сонымен қатар, мерекені жергілікті тұрғындар да қызыға тамашалайды екен.
Өткен аптада Калифорния штатындағы қазақ қауымдастығы да Наурыз мерекесін атап өтті. Лос-Анджелестің ең әдемі парктерінің бірі – Altaden паркінде 500-ге жуық қандасымыз бас қосып, Ұлыстың ұлы күнін сән-салтанатпен тойлады. Олардың арасында қызылордалық ерлі-зайыптылар – Нұрбек Бергенбаев пен Жанна Аманова да болды. Нұрбек мұнайгаз саласының маманы болса, Жанна «Атамекен» ҰКП жанындағы іскер әйелдер кеңесін басқарды. Қазір ол – «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты. Жолдасы және үш баласымен бірге Лос-Анджелес қаласының Калифорния штатында тұрады.
Жаннаның айтуынша, ол күні барлық жиылғандар ұлттық киім киіп келген. Наурыз көже, палау, қуырдақ пісіріліп, бауырсақ та қуырған. Басқа да ұлттық тағамдар дастарханға қойылып, үлкен-кіші мәз-майрам болды. Мереке аясында түрлі байқаулар, спорттық сайыстар да ұйымдастырылған. Ән-жырдан шашу шашылып, биге де кезек берілді. Соңында байқау жеңімпаздары анықталып, олар арнайы сыйлықтармен марапатталды.
California Qazaq Community – Калифорниядағы қазақтардың коммерциялық емес бірлестігі. Ол 2020 жылы ресми тіркеліп, жұмыс істеп келеді. Мұнда апта сайын диаспора жетекшілерімен кездесу өткізіледі. Балаларға арналған тегін үйірмелер мен спорт секциялары да бар. Балалар мен ересектер ана тілін ұмытпас үшін қазақ тілі үйірмесі де жұмыс істейді.
– Қазақ бірлестігі бірнеше қалада бар және Америка бойынша солай. Олар осы елге енді келген жерлестерімізге көмектеседі. Мұнда «Болашақ» бағдарламасы бойынша келіп, оқып жатқан студенттер өте көп және олар – бірлестіктің еріктілері. Осындай мерекелер бізді біріктіріп, басымызды қосады, сондықтан тойлау қажет. Біз қайда жүрсек те Отанымызды, туған жерімізді сүйеміз. Өз білімімізді, тәжірибемізді еліміздің өсіп-өркендеуіне жұмсағымыз келеді. Барлық жерлестерімді Наурыз мерекесімен құттықтаймыз, – дейді Жанна.
Айнұр БАТТАЛОВА,
«Сыр бойы»