НҰР СЕБЕЛЕ, ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ
Наурыз мерекесі – көктемгі жаңарудың белгісін көрсететін, ұлт пен ұлыстың сағынып күтетін ортақ мерекесі. Елімізді мекендеген бүкіл халық Наурызды «жыл басы» деп танып, жыл өткен сайын Ұлыстың ұлы күнін ерекше сән-салтанатпен қарсы алады.
Күн мен түннің теңеліп, жан-дүниені тірілткен, қытымыр қыстың ызғарынан құтылып, шуақты күндерден үміт күттіретін бұл мейрамның тарихы тым тереңде жатыр. Аталмыш күнді тойлау дәстүрі дүниежүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында бағзы замандардан бастап-ақ көрініс тапқан. Сол уақыттан бері Наурыз мейрамы халқымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының, ырым-тыйымы мен рухани құндылықтарының озық үлгісін көрсетіп келеді. Бұл күні жер-жерде киіз үйлер тігіліп, қазандарда жеті түрлі дәннен дайындалған наурыз көже пісіріледі. Қыстан аман шыққан халық Аллаға шүкір айтып, бір-бірімен жүздесіп, көңілінде кірбіңі барлар татуласады, адамдар үйден-үйге кіріп, құтты болсын айтысады. Қалалар мен ауылдарда қазақтың ұлттық ойындары ойнатылып, бозбалалар мен бойжеткендер алтыбақанда ән шырқайды. Ұлы Абай айтқандай, «... ол күнде Наурыз деген бір жазғытұрым мейрамы болып, наурызнама қыламыз деп, той-тамаша қылады екен». Бір сөзбен, бұл мерекені ұлттық құндылықтарымызды бойында тоғыстырған, нағыз халықтық сипаттағы қасиеттерді көрсететін ұлы күн деп айтуға болады.
Ендеше, тәуелсіз еліміздің зор ықыласпен тойланатын, ақтың молайып, тіршіліктің жаңаратын, пейілдің түзеліп, көңілдің кеңейетін осынау салтанатты мерекесі құт-берекесімен, қуаныш-бақытымен келсін. Ел аман, жұрт тыныш күйде, ашық аспан, тату шаңырақ астында болайық!
Жанат Кенебекова,
Шиелі аудандық архивінің II санатты архивисті