Наурыз тойы – мереке, салт-дәстүрім – береке
Ұлыстың ұлы күні Наурыз – жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс-берекенің арқауы, тек адамзаттың ғана емес, табиғаттың да жаңарып, бой түзейтін шағы. Күн мен түннің теңеліп, жан-дүниені тірілткен, төрт түлік төлдеп, арқа-басы кеңіп, аққа аузы тиген, қытымыр қыстың ызғарынан құтылып, алдағы шуақты күндерден үміттендірген Наурыз мерекесі Тәуелсіз елімізде зор ықыласпен тойланады.
Тәуелсіздікпен қайта түлеген
Наурыз қазақ жерінде сан ғасырлардан бері тойланып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатса да, кеңес үкіметі бұл мерекені «діни мейрам» деп танып, 1926 жылы ресми түрде тойлауға үзілді-кесілді тыйым салды. Көктемнің шуақты мейрамы салт-дәстүрді берік ұстанған қазақ отбасыларында ғана жасырын түрде аталып өтті. Осылайша қазақ жерінде 62 жыл бойы ұмыт болған Наурыз мейрамы 1988 жылы қайта жаңғырды.

Қазақстан Президентінің Жарлығымен елімізде Наурыз мейрамы 2010 жылдан бері үш күн тойланады. БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен 2010 жылы Наурыз халықаралық мейрам мәртебесіне ие болды. Ал 2016 жылы ЮНЕСКО-да 12 ел – Ауғанстан, Әзербайжан, Үндістан, Иран, Ирак, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Пәкістан, Тәжікстан, Түрікменстан және Түркия атынан Наурызды адамзаттың материалдық емес мәдени мұра тізіміне енгізді.
Наурыз мейрамын қалай тойлайды?
«Наурызда Самарқанның көк тасы да жібиді» деген сөздің астарында үлкен мән жатыр. Наурыз тек күн мен түн теңесіп, тіршілік атаулыға жан бітетін мейрам ғана емес. Бұл бірлік пен еңбектің, мейірімділік пен ізгіліктің, достық пен татулықтың мерекесі. Адамдар таң атысымен бір-бірінің үйіне кіріп, құтты болсын айтады, үйлерінің алдын, ауласын кір-қоқыстан тазартып, ағаш отырғызады, гүл егеді. Әр жерде көкпар, қыз қуу, қазақ күресі секілді ұлттық ойындардан жарыс ұйымдастырылады, ән шырқалады, би биленеді, қыз-жігіттер алтыбақан тебеді.

Ұлыс күні көңілінде кірбіңі барлар татуласады, адамдар бір-бірінің үйіне кіріп, құтты болсын айтады, бұлақ көзін ашады. Мереке қарсаңында дүниеге келген сәбилерге Наурызбай, Наурызгүл сынды есімдер беріледі. Наурызды «жыл басы» деп танығанымен, мереке жыл алмасумен шектелмейді.
Ауыл ақсақалдары араздасып қалған бауырлас ел, ағайын, дос-жарандарды бір дастарқаннан дәм таттырып табыстырған, жетімдерді үйлендіріп, жеке отау еткен. Қараусыз қалған кембағал жандарды жақын туыстарының қарауына берген. Жұтқа ұшырап қиналғандарға жылу жинап берген.
Сонымен қатар міндетті түрде Наурыз мейрамының дәстүрлі тағамы – наурыз көже дайындалады. Наурыз көжеге ең кемі жеті түрлі дәм қосылады. Оған қойдың басы мен сүр ет салып пісірілуі – қыс тағамы етпен қоштасуды, құрамына ақтың қосылуы – жаз тағамы айран-сүтпен қауышуды білдіреді. Бұл – Ұлыстың ұлы күні молшылықтың жоралғысы ретінде әр шаңырақ міндетті түрде жасайтын тағам. Оны әр үй жеті дәмнен жасап, әрі мерекемен құттықтауға келген қонақтарға зор ықыласпен ұсынады. Тақ санын сақтап, тағам түрін көбейте беруге болады. Қазақ халқында көжені тойып ішсең жыл бойы тоқ боп жүресің деген сенім бар. «Наурыз көже қалғанша, жаман қарын жарылсын» деген мақал осыдан шықса керек.
Наурызға қатысты ұғымдар
Ел аузындағы әңгімелерге сүйенсек, күн мен түннің дәлме-дәл теңелер сәтінде көкті жарып ерекше бір гуіл өтуі тиіс. Оны «әз» деп атайды. Көшпенді қазақ халқы «Оны қой ғана біледі. Егер күндіз өтсе, қой арқылы қойшы ғана аңғаруы мүмкін» деп жорамалдаған. Бұл ерекше гуіл 22 наурызға дейін үш күннің ішінде естіледі екен. Сондықтан халық арасында «Әз болмай, мәз болмайды» деген сөз қалған. Әз өткенде жер көктеп, гүлдер бүршік жарып, күллі тіршіліктің тұла бойына жан бітеді.

Жыл басын думандатып қарсы алған халық алтыбақан тебісіп, ән-жырдан шашу шашады, бір-біріне наурыз жұмбақ жасырып жарысады. Наурыз жұмбақ – наурыз айындағы жұлдыздардың қозғалысы мен орнына, күн мен түннің теңелуіне, табиғат құбылысына, бұл айдағы амалдар мен ауа райының өзгерісіне байланысты айтылатын жұмбақ өлең. Ел аузында «Көтерейін десем ауыр кілем,
Көтермейін десем тәуір кілем» (Шешуі: Жер)
Алты арқар, жеті қаз, төрт бөдене,
Кейде толы, кейде орта бір тегене.
Тұнық пенен лайдың арасынан,
Бір аққу шыға келді құсқа төре» (Шешуі: Үркер, Жетіқарақшы, Босаға жұлдыздары, айдың толық және орта кезі, күндіз бен түн, жаңа шыққан күн)
«Жапанда бір айдаһар білесің бе?
Жаны жоқ қимылдарға денесінде.
Ішінде сүйектері бақша-бақша,
Жарқырар жалғыз көзі төбесінде» (Шешуі: киіз үй) секілді наурыз жұмбақтар кеңінен танымал.
Наурыз айында туған бота, құлын, бұзау «наурыз төл» деп аталса, осы айда гүлдейтін көп жылдық өсімдікті – наурыз шешек, қарайған жерді жасыра алмай, қылаулап жауған жұқа қарды наурызша деп атайды. Сол секілді саңылау, тесіктен үйге түскен күн сәулесінің тозаңдануын қазақ үт кірді деп, оны жақсылыққа балайды. «Үт кірді, үйге құт кірді» деген қазақ мәтелінде күн нұрының жердегі тіршілікке жасар игі әсерін бейнелейтін үлкен мән бар.
Ұлыс береке берсін, бәле-жала жерге енсін! Жыл басы ел ішіндегі үрейді сейілтіп, халықтың бейқам тіршілігін ала келгей.
Гүлхан ЯХИЯ