Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ирактағы наразылар АҚШ елшілігін қоршаудан босатты

Ирактағы наразылар АҚШ елшілігін қоршаудан босатты

BAQ.KZ. Иранды қолдайтын әскерилер мен олардың жақтастары Бағдаттағы АҚШ елшілігін қоршаудан босатты. Ирак әскерилері елшілік аумағын бақылауына алған. Бұл туралы Deutsche Welle сайтында хабарланды.

31 желтоқсанда Иракта наразылар АҚШ елшілігіне басып кіріп, оны алмақ болған. Оларға Ирак қауіпсіздік күштері қарсылық білдірген. 1 қаңтарда наразылар елшілікті алуға тағы бір талпыныс жасап көрген. Бұл жолы демонстранттарды АҚШ әскерилері көзден жас ағызатын газбен таратқан.

АҚШ күштері Ирак пен Сириядағы "Хезболла" шиит топтарының базаларына әуеден шабуыл жасап, кемінде 25 адам мерт болған. Наразылыққа осы шабуылдан соң басталған болатын.

АҚШ президенті Дональд Трамп елшілікке шабуылды Иран ұйымдастырды деп айыптады. Ал, Тегеран мұны жоққа шығарды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанға ресми сапармен келеді деген АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео осы мәселелерге байланысты сапарын кейінге қалдырды.
02 қаңтар 2020 ж. 619 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031