Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Трамп талибтермен бейбіт келіссөздерді тоқтатты

Трамп талибтермен бейбіт келіссөздерді тоқтатты

BAQ.KZ. Америка Құрама Штаттарының президенті Кабулдегі террорлық шабуылға байланысты АҚШ-қа келген Талибан жетекшілерімен кездесуден бас тартты. Бұл туралы korrespondent.net сайтында хабарланды.

АҚШ президенті Дональд Трамп Кабулдегі террорлық шабуылға байланысты Талибан жетекшілерімен және Ауғанстан президенті Ашраф Ганимен жоспарланған кездесулерді тоқтатты. Бұл туралы Дональд Трамп 7 қыркүйек күні Twitter-де хабарлады.

«Талибанның басты жетекшілері мен Ауғанстан президенті жексенбі күні Кэмп-Дэвидте менімен жасырын түрде кездеспек болды. Бүгін кешке олар АҚШ-қа келді. Өкінішке қарай, олар Кабулдағы шабуылға жол бергендерін мойындады. Шабуыл салдарынан біздің сарбаздарымыздың біреуі және 11 адам қаза тапты. Мен кездесуден дереу бас тартып, бейбіт келіссөздерді тоқтаттым», - деп жазды Трамп.

Сонымен қатар, егер олар (талибтер – ред.) осы келіссөздер барысында атысты тоқтату туралы келісе алмаған жағдайда, ешқандай келісімге келе алмайтындарын айтты.
08 қыркүйек 2019 ж. 452 0