Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Дональд Трамп Ақ үйде ауызашар бермекші

Дональд Трамп Ақ үйде ауызашар бермекші


Осы аптада Дональд Трамп Америка Құрама Штаттарының президенті ретінде алғаш рет ауызашар берейін деп отыр.

Бұл туралы Huffington Post хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Трамп өткен жылы Рамазан айында ауызашар беруден бас тартып, бұған дейін ифтар беріп келген президенттердің 20 жылдық дәстүрін бұзған болатын.
Бірақ, АҚШ басшысы биылғы жылы бұл дәстүрді жалғастырмақ болып сейсенбі, 5 маусым күні афтар өткізуді жоспарлап отыр. Қонақтардың тізімін қоса алғанда, іс-шараның қалай өтетіні туралы ақпарат әлі жарияланбаған екен.
Дәстүр бойынша ауызашарды АҚШ президенті мен елдің бірінші ханымы өткізеді. Әзірге кешкі асқа Мелания Трамптың қатысатыны белгісіз. Ол 10 мамырда бүйрегіне ота жасалғаннан кейін халықтың алдына әлі шыға қойған жоқ.
Айта кетейік, өткен жылы Ақ үй Рамазан айында ауызшар ұйымдастырмауына байланысты сынға ұшыраған болатын, деп жазады Politico. Ауызашар беру дәстүрін өз уақытында АҚШ президенттері Билл Клинтон, кіші Джордж Буш және Барак Обама қолдаған болатын.
Өткен айда мәлімдеме жасаған Трамп Америка Құрама Штаттарындағы және бүкіл әлемдегі барлық мұсылмандарды қасиетті аймен құттықтап, оның маңыздылығы туралы да айта кетті.
Stan.kz
04 маусым 2018 ж. 1 440 0