Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » СЫР ӨҢІРІНІҢ МЕШІТТЕРІНДЕ ОРАЗА АЙЫНДА ТҮРЛІ БАЙҚАУЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАДЫ

СЫР ӨҢІРІНІҢ МЕШІТТЕРІНДЕ ОРАЗА АЙЫНДА ТҮРЛІ БАЙҚАУЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАДЫ

Сыр өңірі мешіттерінде мұсылмандардың асыға күткен Рамазан айының алғашқы түніндегі тарауих намазы жоғары деңгейде өткізілді.
  Облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде Өкіл имам Болатбек қажы Ұласқанұлы алдымен барша жамағатты мүбарак Рамазан айымен құттықтап, аталған айдың қадір қасиеті жайында уағыз айтты.
  Уағыз соңында қасиетті айдың құрметіне күн сайын жамағатқа арналып ауызашар дастарханы жайылатынын және өкілдік тарапынан ұйымдастырылатын шаралар баяндалды.
1. Облыстық деңгейде «Ең алғашқы оразам» шығармашылық бәйгесі;
2. Мешіт шәкірттері арасында Құран Кәрімнің 30-шы парасын жатқа оқудан;
3. Имам Науаидың 40 хадисінің қазақша аудармасын жатқа айтудан;
4. Пайғамбар (с.ғ.с.) өмірбаянынан интеллектуалдық сұрақ-жауап;
5. Ауызашар уақытында сұрақ-жауап сайыстары болады. Жүлделі орындарға ие болған азаматтар сыйлықтармен марапатталады.
  Сонымен қатар, тек «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде ғана емес, облыс көлеміндегі барлық мешіттерде оразаның құрметіне түрлі шаралар өткізу жоспарланып жатыр. Қалалық «Айтбай», «Нұр» мешіттерінде Түркия мемлекетінен шақыртылған 2 қари, қалған мешіттерде жергілікті қарилар тарауих намазын өткізеді.
  Өкіл имам жамағатпен бірге рамазанға аман-есен жеткізген Алла Тағалаға шүкіршілік айтып, ел тыныштығы мен ынтымағы үшін, баянды болашағымыз мен тұрақтылығымыз үшін дұға етті.
19 мамыр 2018 ж. 1 222 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№50 (9317)

09 шілде 2025 ж.

№48 (9315)

01 шілде 2025 ж.

№47 (9314)

28 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031