Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Трамп: Ауғанстанда 18 жылға созылған соғыс аяқталуы керек

Трамп: Ауғанстанда 18 жылға созылған соғыс аяқталуы керек

ТÑамп: ÐÑÒанÑÑанда 18 жÑлÒа ÑозÑлÒан ÑоÒÑÑ Ð°ÑÒÑалÑÑ ÐºÐµÑек
Дональд Трамп 2020 жылы өтетін президенттік сайлауға дейін Ауғанстандағы АҚШ әскери күштерін елге қайтармақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Вашингтонда өткен кезекті отырыста АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео мәлімдеді. Сарапшылар Құрама штаттардың бұл шешімін қолдап жатса, енді бірі халықаралық қолдаусыз Ауғанстанда лаңкестердің ықпалы артып кетуі мүмкін дегенді айтады.

Әзірге нақты қанша әскердің шығарылатыны белгісіз. Егер мәлімлемесіне сүйенсек, барлық америкалық әскер еліне оралу керек. Бүгінде Ауғанстан аумағында олардың саны 14 мыңды құрайды.

Ауғанстанда 18 жылға созылған соғыс аяқталуы керек. Ақ үй басшысы Дональд Трамп осылай деп, ондағы әскерлерін еліне қайтару шешімін қабылдады. Бұл үдеріс 2020 жылдың 3 қарашасы, яғни президенттік сайлауға дейін аяқталуы тиіс.  Жалпы Трамп америкалық әскерлерді Ауғанстаннан шығарамын деп 2016 жылы сайлауалды науқанында уәде берген еді. Дегенмен, президенттік лауазымға тағайындалған соң керісінше, Ауғанстандағы әскерлерін күшейте түсті. Қазір онда барлығы 14 мыңдай АҚШ әскері бар.

Майк Помпео, АҚШ Мемлекеттік хатшысы:

- Маған Америка құрама штаттарының президентінен тікелей тапсырма келіп түсті. Ол өңірдегі ұзаққа созылған соғысқа нүкте қою керектігін айтты. Ауғанстаннан әскерилерді шығару тапсырмасын берді. Және бұл үдерісті тек біз ғана жасаймыз. Көптеген елдер бұл шешімді қолдап отыр. Еуропа елдері де. Өңірдегі шет елдік әскерилер саны азаяды деп ойлаймыз.

Дональд Трамп 2020 жылы өтетін президенттік сайлауға дейін Ауғанстандағы АҚШ әскери күштерін елге қайтармақ. Бұл туралы Вашингтонда өткен кезекті отырыста АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео мәлімдеді. Сарапшылар Құрама штаттардың бұл шешімін қолдап жатса, енді бірі халықаралық қолдаусыз Ауғанстанда лаңкестердің ықпалы артып кетуі мүмкін дегенді айтады.

Ауғанстандағы әскери операцияны АҚШ тарапы 2001 жылы бастаған еді. 11 қыркүйектегі терактіге жауап ретінде өңірге америкалық әскерлерді жібере бастады. Пентагонның «Еркіндік» операциясы 2014 жылы аяқталғанымен, лаңкестік ықпалды бақылауда ұстау үшін америкалық әскерилер ел аумағына бүгінге дейін жіберіліп отырды. Ауғанстандық депутат елден шетелдік әскерлер кетсе, «лаңкестік ықпалмен елдің қарулы күштері күресе алмайды» дегенді айтады.

Халима Карими, Ауғанстан Парламенті төменгі палатасының депутаты:

- БАҚ жарыса жазып жатқан жаңалықтар шынымен де расталады деп ойлаймын. Дегенмен, америкалық тараптың жоспарлары тез өзгеріп отырады. Сондықтан іс жүзінде әскерилерін әкетпейінше, ешқандай мәлімдеме жасай алмайсың. Бір жағынан Ауғанстан әскері бұл халықаралық қолдаусыз «Талибандарға» қарсы тұра ала ма деген сұрақ туындайды.

Ауғанстанда тұрақтылық орнату үшін 2018 жылдың маусым айнынан бері АҚШ тарапы «Талибан» радикалды тобының өкілдерімен тікелей келіссөздер жүргізіп келеді. Помпеоның айтуынша, тараптар ортақ келісімге келіп отыр. Яғни шетелдіктер әскерлерін елден шығарады, тиісінше «Талибан» радикалды қозғалысы өңірде лаңкестік топтың қаптап кетпеуіне уәде береді. Дегенмен, қанша келіссөзге қарамастан, өңірде соғыс әлі де жалғасып жатыр. Кеше ғана НАТО лаңкестермен күрес кезінде екі әскеридің қаза тапқанын мәлімдеді.

2019 жылдың 29 маусым күні лаңкестермен күрес кезінде екі америкалық әскери көз жұмды. АҚШ Қорғаныс министрлігінің тәртібі бойынша қаза тапқандардың жақындарына хабар жетпейінше, құрбандардың есімдері құпия сақталынады.

24.kz
31 шілде 2019 ж. 601 0