Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ким Чен Ын мен Трамп есікті жауып қойып, оңаша әңгімелесті

Ким Чен Ын мен Трамп есікті жауып қойып, оңаша әңгімелесті

АҚШ Президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын арасындағы кездесу ақыры өтті. Екі ел басшысы Сингапурдағы Капелла қонақ үйіне келген бетте бір-біріне сәлем беріп, қол алысып, суретке түсті. Сосын келіссөз өткізуге арналған бөлмеге беттеді. Сол сәтте есік жабылып, қос президент жеке сөйлесті. Әрине, екі тілмаш қатысқаны анық. 48 минутқа созылған әңгіменің егжей-тегжей енді белгіле болатын шығар. Басқосудан кейін қос мемлекеттің кеңейтілген құрамдағы отырысы басталды. АҚШ жағынан мемелекеттік хатшы Майк Помпео, Президенттің қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джон Болтон, Ақ үй әкімшілігінің басшысы Джон Келли қатысса, Солтүстік Корея тарапынан Сыртқы істер министрі Ли Ён Хо бастаған делегация енді. Жалпы бұған дейін айтылғандай бүгінгі кездесулерде тараптар екіжақты қарым-қатынас, Корей түбегін ядролық қарудан азат аймақ ету мен онда бейбітшілік орнату мәселесін талқылауы тиіс.  Дональд Трамп, АҚШ Президенті: - Мен өзімде жақсы сезініп тұрмын. Кездесу жоғары деңгейде өтетініне сенемін. Келіссөз нәтижелі болып, қарым-қатынасымыз жақсаратынына күмәнім жоқ.     Ким Чен Ын, Солтүстік Корея басшысы - Біз осы саммит өтуі үшін көп шаруа атқардық. Екі жаққа да кедергі болып келген ескі көзқарасымызды жеңіп міне енді емін-еркін жүздесіп отырмыз.

24.kz
12 маусым 2018 ж. 1 044 0