Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 4 сынып оқушысы ЖОО арналған математикалық сынақтан сүрінбей өтті

4 сынып оқушысы ЖОО арналған математикалық сынақтан сүрінбей өтті

Андо мұндай сынақты 11 жасында тапсырған Хирото Такахасидің рекордынан асып түсті.

Шығыс Жапон еліндегі 9 жасар бала колледж түлектеріне арналған математикалық сынақ тапсырып, мүдірмей өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, ол барлық тапсырмаларды орындап шыққан ең жас қатысушы атанды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Нисономиядағы бастауыш мектебінің 4 сынып оқушысы Шого Андо күрделі деңгейдегі «Сугаку кэнтэй» кю-тестін биылғы жылдың қазан айында тапсырды, деп хабарлайды Kyodo News.

Андо мұндай сынақты 11 жасында тапсырған Хирото Такахасидің рекордынан асып түсті. Алғыр бала бұл тестілеуге 7 жасынан бастап дайындалған.

Андоның айтуынша, ол математикадағы білімін қолдана отырып, қоғамның дамуына өз үлесін қосқысы келеді. Оны жаһандық жылымықтың баяулауы сияқты зерттеулер жүргізу арқылы жүзеге асырмақ. «Сугаку кэнтэй» сынағы деңгейден тұрады. Олардың бірі екіншісінен барған сайын қиындай береді әрі ауқымды білімді қажет етеді. Ең жеңілі - 14 кезең. Оны мектепке дейінгі балалар тапсырады. Жалпы бұл сынақтан жыл сайын 350 мың адам өтеді. Алғашқы кю-тест барлық сабақтарды қамтиды. Бірінші кю-тесттің соңғы кезеңінің өту балы 14,4% құраған.
12 желтоқсан 2019 ж. 847 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (9265)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (9264).

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (9263)

13 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031