Білім сынға түскен сәт
ҰБТ сынағын тапсырып, мойнындағы ауыр жүкті артқа тастаған Мектеп түлектері үшін ендігі кезек мамандық таңдау мен қай қалаға оқуға тапсыру қызу талқыға түсуде. Сонымен өткен жексенбіде, яғни 23 маусым күні Шиелі кентіндегі №270 орта мектепте ҰБТ сынағы өтті. Бақ пен бап бәсекеге түсетін ұлттық тестілеуге былтыр 518 талапкер қатысса, биыл 441 түлек тест тапсырды.
11 жылдық біліміне сенім артатын сәтте сынақты ойлап, талай ұйқысыз түнді өткерген талапкерге ендігі кезекте өзіне сенім арту ғана қалған.Үлкен өмірге қанат қағатын талабының оң болуын тілеген ата-ананың толқынысы да балаға сенім сыйлап тұрғандай. Санаулы минуттардан соң рет-ретімен мектепке қарай беттеген әр талапкер аудиторияға орналасты. Қатаң тәртіп. Интернет түгел бұғатталған. 3 сағат 50 минут уақытқа созылған сынақ. Сыртта күткен әрбір ата-ананың көңілінде бір үміт бір күдік.
Үлкен өмірге жол ашатын ұлттық тестілеу – жас талапкердің алғашқы баспалдағы. Алайда сынақтан сүрінгеннің жолы байланды деген сөз емес. Себебі тест тағдырды шешпейді, тек білімнің сыналар алаңы. Биыл ауданда 592 оқушы мектеп бітірді. Оның 33-і «Алтын белгі» иегері атанса, 23 оқушы үздік аттестат иесі болуға ниеттенді. Ал ең жоғарғы 116 балды №46 А.Пушкин атындағы мектеп-лицейінен Нұрай Тұрсынбаева, №244 Ы.Жақаев атындағы орта мектептің оқушысы Арайлым Өтепова, №153 Ш.Есенов атындағы мектеп-лицейінің түлегі Дінмұхамед Қалмағанбетов алды. Тест қорытындысына қанағаттанбаған талапкерлердің шағым аппеляциясы тіркелмеген.
Ал биылғы ҰБТ қалай өтті, өзгешелігі қандай? Осы сауалдар төңірегінде бірер түлекпен тілдескен едік.
ҰБТ-дан 116 балл алған түлек Нұрай Тұрсынбаеваның айтуынша, тест сұрақтары оңай болмапты. «Таңдаған пәнім – орыс тілі мен орыс әдебиеті. Мұғалім болғым келеді. Осыған дейін дайындалып жүрген тестілеуден сәл өзгерек демесеңіз, оқығанымның пайдасын көрдім. Қосымша сабаққа дайындалғанның көмегі көп болды. Өзім де іштей дайындалып, қорқынышты жеңуге тырыстым. Кірерде қорқыныш сезімі мүлдем болмады. Ұстазым айтпақшы, оқысаң оңай дейтін еді. Тағы бір рет көзім жетті», – дейді Нұрай.
Ал тағы бір мектеп түлегі Үмітжан Ділдәбай былай дейді:
«Мен мүмкін болған 140-тан 70 балл жинай алдым. Бірақ оған бола көңілімді түсіргім келмейді. Байқағаным, ерекшелік баршылық екен. Математикадан гөрі математикалық сауаттылық пен Қазақстан тарихы пәндері біз дайындалған тестен әлдеқайда қиынға соқты. Сол себепті көп оқушы тарихтан 15 балға жете алмады. Әрине барлық оқушының қабілеті бірдей емес, дегенмен әр оқушы жетістікке жету үшін еңбектену керек. Тестке дайындалған сұрақтарды өзгертіп, түрлендіріп берген. Жаңылтпаш секілді, кейбірін түсінбей, бірнеше рет оқуға мәжбүр болдық», – дейді Үмітжан.
Биыл сынаққа қатысуға өтініш берген 448 оқушының 434-і қазақ тілінен, 14-і орыс тілінен тапсыруға тиіс болатын. Дегенмен түрлі жағдайларға байланысты 441 оқушы ҰБТ-ға қатысып сынақ тапсырды. Яғни 74,4 пайызды құрап отыр. Сынақтан 50 балға жетпей, шекті деңгейден өтпегендердің саны – 37. Ал жалпы есеппен 37 түлек 100 балдан жоғары жинаған. Жоғары оқу орындарына барып шығармашылық емтихан тапсыратын талапкер құрамы 47-і. Бұл туралы аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісі Марат Ахпанбетов мәлімдеді.
Көптің көкейінде 50 балл жинай алмаған түлек не істейді деген сауал да болары рас. Жаңа форматтың ерекшелігінің арқасында түлектер ҰБТ-дан өтпей, яғни 50 балды жинай алмай қалса, тамыз айында қайтадан сынақ тапсыра алады. Егер тамызда да тиісті балл жинай алмаса, онда қыркүйекте жоғары оқу орнына бір семестрге ақылы түрде түсуге мүмкіндігі бар. Бір семестрден кейін қаңтар айында сынақты үшінші рет тапсыруға мүмкіндік беріледі.
Әрбір бітіруші түлектің мамандық таңдауда жаңылмай, өз өмірінің бір кірпішін дұрыс қалауына тілектеспіз. Өз ісін, кәсібін шексіз сүйетін адам ғана жақсы маман болып шығады.
Жұлдызай
Ноғайбайқызы