ҰТО-ның ұтымды тұсы

Бірінші сынақ тапсыру қаңтар айында өткізіледі. Бір ерекшелігі бұл емтиханға тек ақылы оқуға түсем деушілер тапсырады. Яғни, жоғары баллды жинап тұрса да ақылы оқуға түсуге міндетті. Екінші сынақ тапсыру кезеңі наурыз айында өтеді. Бұл да ақылы оқуға түсуге негізделген. Соңғы шешуші сәт, әдетінше, мамыражай маусым айында бірыңғай тестілеу өткізіледі. Айта кетелік, алдыңғы қос ақылы тест тапсыру бұл ұлттық тестілеуге еш әсерін тигізбейді. Яғни, тегін грантқа түсем деген талапкерлер де осы екі тестке өз білімін сынап көру мақсатында қатыса алады. Сонымен қатар, қазіргі уақытта ҰБТ атауы ҰТО есімімен алмасып, ең жоғарғы нүктесі 125-тен 140 баллға жоғарылағаны баршаға мәлім. Егер ҰТО-ға бармаймын деп шешкен оқушылар болса, оларға кешенді тестілеу мүмкіндігі қолжетімді. Осы тестілеу арқылы да грантқа оқуға түсуге болады. Жалпы түлектердің оқу орнына тапсыру мүмкіншілігі осындай.
Қылышын сүйретіп қаңтар да келді. Алғашқы ақылы емтихан таяп қалды. Еліміздегі осы емтихан тіркелген жалпы оқушылар саны 36000-ға жетіп тұр. Өңірімізден де біршама оқушылар осы емтиханға қатысқалы отыр. Барлығы қызу дайындық үстінде. Түлектерімізге табыс тілейміз!
Бақытжан Өтегенов.