Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Калькулятор қыз: Ақтаулық 6-сынып оқушысы әлемдік рекорд орнатты

Калькулятор қыз: Ақтаулық 6-сынып оқушысы әлемдік рекорд орнатты


Ақтаулық алтыншы сынып оқушысы Орынгүл Арыстан менталды арифметика бойынша әлемдік рекорд орнатқан команда мүшесінде болды. Әлемдік рекорд орнатқан оқушылар 26 минут, 26 секунд және 12 миллисекундтың ішінде 30 мың мысалды шешкен, деп жазады Stan.kzақпараттық агенттігі Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Сайыс Ресейде «Екінші еуразиялық әйелдер форумы» аясында өткізілді, оған бүкіл әлемнің 150 дарынды оқушысы қатысты. Қазақстанның атын әлемге  танытқан Орынгүл Арыстан менталды арифметикамен бірнеше жылдан бері айналысады. Орынгүлдің күрделі арифметикалық тапсырмаларды найзағай соққысының жылдамдығындай шешу қабілетіне байланысты көпшілік оны «калькулятор қыз» деп атап кеткен.
Жас жеңімпазымыз конкурсқа бір ай бойы дайындалған. Ол тапсырманы шешу үшін күніне екі сағат жұмсаған.
«Байқаудың өзі бірнеше кезеңге бөлінді. Олардың біреуінде эстафета түрінде қарындашты бір-бірімізге беріп отырып, мысалдарды шештік», – дейді Орынгүл Арыстан.
Stan.kz

03 қазан 2018 ж. 1 125 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (9292)

08 сәуір 2025 ж.

№24 (9291)

07 сәуір 2025 ж.

№23 (9290)

01 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930