Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтар шашлық жасаудан әлемдік рекорд жасамақшы

Қазақстандықтар шашлық жасаудан әлемдік рекорд жасамақшы

2018 жылдың 28 қыркүйегінде Макинск қаласында жаңа әлемдік рекорд орнатылады. Макинск құс фабрикасының 200-ден астам қызметкері тауық етінен ұзындығы 220 метр кәуап дайындайды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Рекорд ресми түрде Гиннестің рекордтар кітабында тіркеледі.
«Айта кету керек, рекордтар кітабына енген алдыңғы рекорд 2007 жылы Сингапурда орнатылған еді, сол кездегі кәуаптың ұзындығы 140 метрді құрады. Біз барлық қазақстандықтарды біздің мерекеге атсалысуға шақырамыз» - дейді «Aitas KZ» АҚ құрылтайшысы және бас директоры Серік Толықпаев.
Кәуап дайындау үшін 400 килограмнан астам тауық еті пайдаланылады. Шамамен 3 мыңнан астам адам оның дәмін татады деп болжанады.
Рекордты орнату қуаттылығы жылына 50 000 мың тонна құс етін дайындайтын – «Макинск құс фабрикасы» ЖШС – Орта Азия және Қазақстанда ең алып құс фабрикасының ашылуына орайластырылған. Бұл қуаттылығы, техникалық жабдықталуы және инвесторлардың құрамы жағынан бірегей жоба. Инвесторлар қатарында – «Aitas KZ» АҚ, Еуропа Қайта құру және даму банкі, Baiterek Venture Fund венчурлық қоры, кредиторы «Қазақстан даму банкі» АҚ қатарлы ұйымдар бар.
Жоба аясында инкубация, құс өсіру, сою және мүшелеу, тоңазыту, қаптау, қалдықтарын қайта өңдеу саласында ең үздік заманауи технологияларды пайдалану, әлемдік өндірушілердің технологиялық жабдықтарының қолданылуымен жемшөп өндіру көзделген.
Макинск құс фабрикасы Қазақстан тұрғындарын дайын өніммен, экологияға қойылатын Еуропалық сапа талаптарының ескерілуімен, тірі құсқа адамгершілікпен қарау, Халал стандартының нормативтерін сақтай отырып өндірілген сапалы өніммен қамтамасыз етеді.
«Aitas KZ» АҚ – бұл вертикальды-интеграцияланған холдинг, өз құрамында өсімдік шаруашылығы, құс шаруашылығы және ет өңдеу саласындағы кәсіпорындарды біріктіреді. Холдинг құрамына 11 компания кіреді, оның ішінде жылына 25 000 мың тонна ет өндіру қуаттылығымен бройлер етін өндіру және қайта өңдеу бойынша табысты заманауи кәсіпорын – Өскемен құс фабрикасы және Макинск құс фабрикасы, оның қуаттылығы 2020 жылы жылына 50 мың тонна ет өндіруге дейін жетеді (2020 жылға дейін қуаттылығы жылына 25 000 мың тонна ет).

Baq.kz
14 қыркүйек 2018 ж. 1 243 0